12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ САУАТТЫ АЛГОРИТМ ҚАЖЕТ

Өңірде алаяқтардың айласына түскен ақмолалықтардың саны артуда. Осыған орай облыс әкімдігінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың бастамасымен құқық қорғау органдарының өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен интернет-алаяқтық фактілерінің артуына байланысты кездесу өтті.

– Әлеуметтік желілерде көріп отырғанымыздай, алаяқтық фактілері жиілеп кетті, сонымен қатар біздің туыстарымыз бен жақындарымыз алаяқтардың айла-амалдарына душар болуда. Бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу өте қиын, бюджет тарапынан жалақы алатындардың өздерінің алаяқтардың құрбаны болып жататыны да өте өкінішті. Бүгін осы алаңда біз бұл мәселенің себептерін талқылаймыз және табамыз, сондай-ақ оны шешу жолдарын іздейміз. Негізінен алаяқтар интернет арқылы әрекет етеді, сондықтан біз қырағы болуымыз керек. Көптеген түсіндіру іс-шаралары, оның ішінде БАҚ-та да белсенді ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Бірақ адамдар алаяқтардың айла-амалдарына түсе береді. Біз бірлесе отырып, осы жағдайларды барынша азайтатын алгоритмдерді жасауымыз керек. Қоғам белсенділерінен осы жұмысқа белсенді қатысып, халыққа ақпаратты түсіндіре отырып, әлеуметтік желілерде және БАҚ-та толыққанды ақпараттық жұмыс жүргізулеріңізді сұраймын. Бірлескен күш-жігермен нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін, – деді Алтынай Байқадамқызы.

Полиция ескертеді!

Ақмола облысының полиция департаменті интернет алаяқтыққа қарсы іс- қимылды арттыруда, бірақ, өкінішке қарай, мәселе жыл сайын артып келеді. Құқық қорғау органдарының өкілдері өңір тұрғындарын барынша алаяқтардан сақтануға шақырады. – Ақпараттық технологияларды дамыту кезеңінде алаяқтарға алдану қауіп-қатерлері көбеюде, әрбір интернет-алаяқтықта қылмыстық әрекеттер бар. Мұндай қылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында ҚР ІІМ ведомстволық бағдарлама әзірленді, оның ішінде киберқылмысқа, сонымен қатар 2023-2025 жылдарға арналған телефон және интернет-алаяқтарға қарсы іс-қимыл бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2024-2025 жылдарға арналған өзекті іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспардың мақсаты – профилактикалық және жедел жұмысты жандандыру, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, интернет-алаяқтықтың алдын алу, ашу және тергеу, қылмыстардың осы санатына қарсы іс-қимылдың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Сағындық Жантеміров. Сағындық Мұратұлының айтуынша, облыста өткен жылмен салыстырғанда, киберқылмыспен байланысты қылмыстарды тіркеу кезінде интернет-алаяқтықтың үлесі басым болды. Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша, интернет-алаяқтықтың 526 фактісі тіркелді (2023 ж. – 350), өсім 50,3% құрады. 2024 жылы 47 алаяқ ұсталып, интернет-алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бес адам қылмысты қайталап жасаған. Биылғы талдауға сәйкес, 31 жағдайда мемлекеттік қызметшілердің алаяқтық құрбаны болғаны белгілі болды, білім беру саласының 42 қызметкері, 52 зауыт жұмыскері, 53 қызмет көрсету саласының маманы және жұмыссыздар алаяқтарға алданған. Өтелген залал сомасы – 18 млн 287 мың теңге. Ақмола облысы бойынша Көкшетау қаласында (234 адам), Қосшы қаласында (64 адам), Бурабай ауданында (49 аудан тұрғыны), Степногорск қаласында (47), Целиноград (30), Атбасар және Ерейментау аудандарында (16 адам) киберқылмыс деректері көбірек тіркелген.

Қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие

– Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері «ОЛХ», «Колеса», «Инстаграм» сияқты интернет-ресурстарға жалған хабарландырулар беру түрінде жүреді. Соңғы уақытта банк қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ұялы байланыс операторлары қоңырау шалып, қызметтер ұсынатын фактілер жиілеп кетті. Осы санаттағы қылмыстардың ашылуының төмен болуының негізгі себебі – қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие, яғни, алаяқтар басқа аймақтан, көбінесе басқа елден қоңырау шалады. Бұл қылмыстарды тергеу басқа дәстүрлі қылмыстардан айтарлықтай ерекшеленеді және белгілі бір қиындықтар тудырады. Киберкеңістік көбірек ақпаратқа қолжетімді бола бастағанын ескере отырып, бұл факт азаматтардың электрондық деректерінің осалдығына әкелді. Алаяқтар танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді толық пайдаланады, интернет-базарларда жалған хабарландырулар орналастырады, сондай-ақ жалған парақшалар мен сайттар ашады. Бұл ретте сенімді азаматтар зиянкестерге түрлі тауарлар үшін алдын ала төлемді аударады, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін, банк карталарының парольдерін, шот нөмірлерін және жеке куәліктерінің фотосуреттерін ұсынады, – дейді полиция департаментінің өкілдері. Құқық қорғаушылардың берген мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күнде профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылады. Ақмола облысында жұмыс күшейтілді. Интернет-алаяқтықтың әрбір фактісі бойынша жәбірленушілердің қатысуымен бейнероликтер дайындалады және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Әлеуметтік желілерде полиция департаментінің күшімен 3000-нан астам мәтіндік хабарлама, 400-ден астам бейнеролик және 4300 хабарлама жарияланды. БАҚ-та 259 материал, оның ішінде республикалық деңгейде 209, жергілікті басылымдарда 50 ақпарат орналастырылды, сондай-ақ 800-ден астам түрлі жадынамалар әзірленді. Облыс орталығы мен аудандарда интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша билбордтар орнатылған. Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында алдын алу жұмыстарымен мектепке дейінгі мекемелерде, ірі өнеркәсіптік объектілерде, мысалы «Гормолзавод», «КАМАЗ-Инжиниринг», «Ақсай нан», «Көкшетау ЕРЦ», «Қазақтелеком» сынды мекемелерде арнайы сауаттылық курстары өткізілді.

Сандарды сөйлетсек…

Қолданылған шараларға қарамай, өңірде алаяқтардың арбауына тап болған ақмолалықтар көп. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір ақмолалық тұрғынды кездейсоқ танысы 4 млн теңгеден астам сомаға алдады. Полицейлер алаяқтық фактісі бойынша іс қозғады. – Атбасар ауданының полиция бөлімінің тергеушілерінің өндірісінде алаяқтық фактісі бойынша кезекті қылмыстық іс тұр. Жедел уәкілдер анықтағандай, қылмыс екі жыл бұрын болған, ал жәбірленуші 24 жастағы атбасарлық екен. 2022 жылдың жазы мен күзінде өтініш беруші әртүрлі жағдайларда бейтаныс адамды бірнеше рет көреді. Алдайды деп ойланбастан, ол оған қоңырау шалу немесе хабарлама жіберуге рұқсат етіп, ұялы телефонын берген. Бірақ белгілі болғандай, қаскүнем онлайн-несиелер мен микрокредиттерді рәсімдеу үшін басқа біреудің телефонын пайдаланған. Оның жалпы шығыны 4 млн теңгеден асты, – деп хабарлады департамент баспасөз қызметі. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алаяқтың жеке басын анықтап, ол қазіргі уақытта басқа қылмыстар жасағаны үшін тергеуде жүрген Қарағанды облысының Абай қаласының тұрғыны болып шыққан. Полиция азаматтардан кезекті рет қырағы болуды және ешбір жағдайда өз телефонын бейтаныс адамдарға бермеуді, банктердің қосымшаларына жасырын кодтарды орнатуды және банк шоттары бойынша барлық операцияларды мұқият қадағалауды сұрайды. Ақмола облысының Ақкөл ауданында полицейлер ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. –Ақкөл ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі туралы өтінішпен жүгінген. Әйелдің айтуы бойынша, биыл 6 сәуірде оның үйіне екі жас жігіт келген және өздерін су сүзгісіне қызмет көрсету компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырып, оны ауыстыру мақсатында келгендерін түсіндірді. Бейтаныс адамдардың бірі өтініш берушіден телефонын сұрап, суретке түсіру керек екенін айтады, бұл ол үшін базаға тіркелу қажеттілігін түсіндірген. Біраз уақыттан кейін соңғысы әйелге мобильді құрылғыны қайтарып береді де, екі күннен кейін олар сүзгіні ауыстыратынын айтады. Алайда кейінірек жәбірленуші 6 сәуірде оның атына алынған банкте несие бар екенін білген. Залал сомасы 595 мың теңгені құраған. Алаяқтық жасады деген күдік бойынша жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Олардың біріЖетісу облысының, екіншісі Семей қаласының тұрғыны, – деп көрсетілген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Аймақтағы тағы бір алаяқтар кезекті ақмолалықты алдап, қорқытып 7 млн теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүр еткен. Төрт күн бойы алаяқтар 60 жастағы ақмолалықты несие алуға көндіреді, сонымен бірге оның отбасы мүшелеріне қауіп төндіретін түрлі әдістерді қолданды. – Қазіргі уақытта алаяқтықты тергеумен Бұланды ауданының полиция бөлімінің және «Киберпол» арнайы тобының қызметкерлері айналысуда. Ақмолалықтың айтуынша, оның телефонына алғашқы қоңырау 14 мамырда түскен. Олар белгісіз абоненттен қоңырау шалады, бірақ профильде оның тікелей басшысының суреті тұрған, сондықтан әйел әңгіменің дұрыстығына еш күмәнданбаған. Алаяқ директордың атынан қазіргі уақытта арнайы органдардың қызметкерлері мемлекеттік мекемелерді тексеріп жатқанын және өтініш беруші басқа елдердің банктерінде несие алуға өтінім бергені анықталғаны туралы айтқан, – деп хабарлады полиция департаменті. Біраз уақыттан кейін арнайы мемлекеттік мекеменің қызметкері онымен байланысқа шығып, әйелдің күдіктілер тізімінде екенін, ол несие алып, содан кейін басқа елдерге ақша аударғанын хабарлаған. Қорыққан ақмолалық бұл ақпараттың жалған екендігін түсіндіруге тырысады, алайда алаяқтар оған қысым көрсетуді жалғастырды, ал жалған қоңырау шалушы оның жалақысы туралы толық ақпарат айтқаннан кейін жәбірленуші оған толығымен сеніп, барлық нұсқауларды орындайды. Банктің жалған менеджері оның атынан әртүрлі банктерде 8-9 өтінім берілгенін хабарлайды, алайда егер ол банкке өз бетінше барып, ақшалай несие рәсімдесе, несиелерді жоюға болатынын да жеткізген. Алаяқ несиені төлеудің қажеті жоқ деп сендірді. Айтпақшы, сенімділік үшін ол тіпті өзінің жұмыс куәлігін де көрсетті. Қылмыскерлердің нұсқауы бойынша әйел банктен 5 млн теңге алып, содан кейін 10 түрлі шотқа аударған. Келесі күні жалған қызметкер өтініш берушіге тағы да қоңырау шалып, барлық қарыздарды өтеу үшін тағы 3,5 млн теңге рәсімдеу керек екенін айтқанда ғана әйел бас тартты. Кейін оған өзін елорда полициясының қызметкері ретінде таныстырған тағы бір адам хабарласты. Ол әйелді бұл операциялардың барлығы алаяқтық схеманы анықтау мақсатында жасалғанына сендіруге тырысып, бірақ оған теріс жауап алыпты. Келесі екі күн ішінде алаяқтар ақмолалыққа бірнеше рет қоңырау шалған, әйелдің олардың талаптарына көнбей, несиеден бас тартқан кезде, олар балаларымен қорқыта бастады. Туыстары үшін қорқып, әйел Көкшетауға келіп, тағы бір қарыз ресімдеп, содан кейін таныстарынан қарыз алған. Ол барлық ақшаны көрсетілген шоттар бойынша аударып отырған және тек 20 мамырда ғана полицияға арыз берген. Заттай дәлелдемелер ретінде өтініш беруші полицейлерге хат-хабарлар мен шоттарды тапсырды. Жедел қызметкерлер қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Полицейлер азаматтарға белгісіз абоненттердің қоңырауларына, әсіресе, қоңырау шалушылар өздерін күш құрылымдарының немесе банктердің қызметкерлері деп таныстырған жағдайларда, сенбеу қажеттігін тағы да еске салады. Жоғарыда айтылғандардың негізінжәне құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін ескере отырып, полиция департаменті бірқатар іс-шаралар ұсынды. Олардың ішінде кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, алдын алу сипатындағы жадынамаларды орналастыруды ұйымдастыру, тауарлардағы, азық-түлік өнімдеріндегі интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, коммуналдық қызметтердің ақы төлеу туралы түбіртектер, кіреберістер, лифтілер, SMS-хабарламалар және азаматтар көп жиналатын басқа да орындар бойынша, соның ішінде LED-экрандарда профилактикалық роликтерді көрсетіп, пайдалы ақпарат тарату бар. Оған қоса, еріктілер мен жастарды тартып, AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдерін, жастар ресурстық орталықтары мен учаскелік полиция инспекторларын тарту арқылы кемінде аптасына бір рет қоғамдық орындарда интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық буклеттер мен хабарламадарды ауруханалар, білім беру мекемелері, жұмыс ұжымдары, зауыттар және басқа да мемлекеттік органдардың ғимараттарына тарату жұмыстарын жүргізіп жүр.

Өңірде аталмыш мәселеге қатысты шаралар жалғасын таппақ. Жергілікті блогерлермен бірлесіп жұмыс атқарылады. Оған қоса, интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігін арттыру, «еgоv-моbil» қосымшасының көмегімен 6 ай мерзімге банктік қарыздарды, микроқарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігін насихаттау туралы ақпараттық іс-шаралар өткізілуде. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шаралар біздің азаматтарымыздың қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғалу деңгейін арттыруға ықпал етеді. Тиісті мекемелер әрқашан диалог пен ұсыныстарға ашық және халықтан белсенділікті күтеді.

Бақыт МАХАМБЕТҚЫЗЫ

Ауған соғысының ардагерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Атырау облысы ҚАЖ департаменті және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері...

В объективе внимания –несовершеннолетние

В последние годы вопросы, касающиеся несовершеннолетних, становятся все более...

Хакатон – форум для программистов 

В Атырау прошел первый этап конкурса «Atyrau Youth Hackathon»,...

О героическом прошлом

80-ЛЕТИЮ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ БЫЛА ПОСВЯЩЕНА НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «ПОСТИГАЯ ЛИЧНОСТЬ...

Блэкаут в Европе: проблемы и уроки 

НЕДАВНИЙ БЛЭКАУТ, ОХВАТИВШИЙ РЯД СТРАН ЕВРОПЫ, СТАЛ НЕ ТОЛЬКО...