Қазіргі таңда Ғаламтор-алаяқтығы ең көп тараған қылмыс түрлерінің бірі болып табылады. Алаяқтардың саны артуда, өйткені Ғаламтор-алаяқтығы – оңай қол жеткізетін “табыс”, оның өзінде қомақты, бұл ретте жәбірленушімен жеке кездесудің қажеттілігі жоқ!
Ғаламторда алаяқтық көп жағдайда мынадай сылтаулармен атқарылады: 1. Тауарларды, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді сатып алу және сату; 2. Еңбекке орналастыру; 3. Несиелік қарыз алуға ықпал ету; 4. Пәтерлер жалдау; 5. Бағалы сыйлықтар ойнату. Алаяқтықтың құрбаны болмаудың пайдалы 5 кеңесі: 1) Кез-келген ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбей ақиқат ретінде қабылдамаңыз. Оған әрекет етуден бұрын оның шындыққа жанасатындығын ойластырыңыз. Достарыңыздан әлеуметтік желі арқылы алған хабарламалардың өзіне күмәнмен қараңыз. Олардың аккаунттары бұзылған болуы мүмкін. 2) Орасан табысты уәде еткендерге сенбеңіздер! Бұлар мың теңге беріп милиондап табыс табу және ғажайып жеңілдіктер туралы ұсыныстарға қатысты. Аз салыммен мол табыс табудың жұмыс жоспарын ойлап тапқан адамға оны Сізбен бөлісудің қажеті қанша? Барлық жеңілдіктер – жақсы ойластырылған маркетингтік тәсіл. Бір де бір сатушы тауарды құнынан төмен бермейді! 3) Жеке мәліметтерді сақтаңыздар! Жеке мәліметтерді нақты қажеттіліксіз жариялауға болмайды. Егер де күмәнді ресурстарда сізден мәліметтерді енгізуді сұраса, келіспеңіз! Тәжірибелі алаяқтар аздаған ақпараттың өзін өз пайдасына айналдыруы мүмкін. 4) Бейтаныс нөмірлерден келген хабарламаларға және қоңырауларға назар аудармаңыз! Егерде сіз ақша жіберу, сілтеме көшіру, қайта қоңырау шалу ұсыныстарының хабарламаларын алған болсаңыз. Ол хабарламалар қызықтыратын, қорқытатын немесе шаттандыратын болса да! Назар аудармаңыз! Бұл алдау! Алаяқтар армандаған ақшаларын қолға түсіру үшін Сіздің күшті эмоцияңызды туындатады. 5) Сақ болыңыз! Ғаламтордағы алдаудың барлық тәсілін атап беру мүмкін емес! Қылмысты ашылу жетістігінің кепілділігі болып полиция органына уақытылы хабарлау, сондай-ақ, болған жағдайды нақты және толық суреттеу болып табылатынын атап өткіміз келеді.
Бүгінде интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Дегенмен, өңірде алаяқтардың арбауына алданып, сан соғып қалған азаматтар қатары азаймай тұр.
Әдетте алаяқтар жалған интернет хабарландыру орналастыру, ғаламтор арқылы сауда жасау, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстыру арқылы халықтың сеніміне кіруді қалайды. Бұдан бөлек, жаңадан пайда болған алаяқтықтың түрі – тауарлық несиені рәсімдеу арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру да белең алып барады. Осылайша халықты несие алдыруға шақырып, қомақты қаржысын иеленіп, ізін суытады.
Алаяқтардың алдауына түспеу үшін жеке деректерді, банк карта номерін, смс кодтарды, белгісіз сайттар мен күмәнді сілтемелерді ашуда және бөтен адамдарға жіберуде сақ болу қажет. Сонымен қатар «TeamViewer», «AnyDesk» немесе «Remote Desktop» деп аталатын арнайы бағдарламаларды орнатпауға қажет.
Райхан Ратова, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы