12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың дамуы күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алаяқтықтың ең көп таралған түрі-ол интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтық қылмыс.

Интернет арқылы сауда жасау, қаржылық операциялар жүргізу, қызметтерге тапсырыс беру адамдардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, алаяқтардың жаңа түрдегі қылмыстар жасауына да жол ашып отыр.

Соңғы жылдары интернет-алаяқтық саны күрт өсіп, бұл қылмыс түрі еліміздегі ең өзектіәлеуметтік проблемалардың біріне айналды.

Атап айтар болсақ, Жалған интернет-дүкендер мен сайттар,Қаржы пирамидалары,Банктік карта деректерін заңсыз алу,Әлеуметтік желілер арқылы сенімге кіру,Мобильді қосымшалар арқылы жасалған алаяқтық түрлері уақыт өте келе бірнеше пайызға көбеюде. 

Мүмкін болатын алаяқтық түрлеріне тоқталар болсақ;

Фишингтік сайттар: Алаяқтар банктің немесе белгілі компанияның сайттарын айнытпай жасап, жеке деректерді (ЖСН, картаның CVV-коды, бір реттік SMS-кодтар) ұрлайды.

  1. Қаржы пирамидасы: Азаматтарға жоғары пайда табуға уәде беріп, олардан қаржы тарту арқылы іске асырылады.
  2. Интернет-дүкендер: Жалған тауар не қызмет ұсынатын парақшалар мен сайттар арқылы алдын ала төлем алып, кейін ізін суытады.
  3. Хабарлама арқылы манипуляция: “Банк картаңыз бұғатталады”, “Сізге ақша түсті”, “Сотқа шақырту” секілді жалған хабарламалар арқылы адамдарды сілтемеге өтіп, деректерін енгізуге итермелейді.

Жоғарыда көрсетілген интернет арқылы жасалған алаяқтық әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Алдағы уақытта аталған оқиғаларға кездесіп қалмау үшін: 

Қорытындылай келе айтарым;

Интернет-алаяқтық – қоғамның барлық мүшесін алаңдататын ортақ қауіп. Бұл қылмыстың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар әрбіразаматтың да міндеті болып табылады.

Қоғамның ақпараттық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіптерге төтеп беру және заң талаптарын сақтау – қауіпсіз орта қалыптастырудың басты шарты.

Алаяқтықтың алдын алу – ақпараттық және құқықтық сауаттылықты арттырудан басталады.

Әр күмәнді жағдайға сын көзбен қарап, интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырайық!

Ахмед Алмагул Ерболқызы

Мұнайлы аудандық

сотының бас маманы

Алматыда полицияның идеологиясы талқыланды

Алматыда ІІМ Мақан Есболатов атындағы Академияда «Қызметтік идеология: тәртіп,...

Сотта өкілдік ету үлкен жауапкершілік жүктейді

Конституциямен айқындалғандай, әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандығын, заңды...

Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

      Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында...

Платформа инклюзивного образования

В ОКТЯБРЕ Г. АЛМАТЫ ПРИМЕТ ПЕРВЫЙ ВСЕМИРНЫЙ КОНГРЕСС ПО...