ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ: АЗАМАТТАРДЫҢ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

Қазіргі цифрлық заманда интернет – тек ақпарат алмасу құралы ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, сауда-саттық, мемлекеттік қызмет көрсету және басқа да салаларда кеңінен қолданылып отырған әмбебап платформа. Алайда, технологиялық жетістіктермен қатар қоғам алдында жаңа қауіптер де туындап отыр. Солардың ең өзектісі – интернет-алаяқтық.

Интернет-алаяқтар адамның сеніміне кіру арқылы жеке мәліметтерін иемденіп, ақшалай шығынға ұшыратуды көздейді. Соңғы жылдары елімізде тіркелген интернет-алаяқтық фактілері еселеп өсіп отыр. Әсіресе, жалған интернет-дүкендер, банктік қызмет көрсету деген желеумен SMS-хабарламалар жолдау, әлеуметтік желілер арқылы несие рәсімдеу секілді тәсілдер жиі кездеседі.

Осыған байланысты қоғамның, әсіресе қарапайым азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру – уақыт талабы.Алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы – әрбір адамның өзінің құқықтық және цифрлық қауіпсіздік туралы білімін жетілдіруі.

Азаматтар өздерінің жеке деректерін ешкімге бермеуі, күмәнді сілтемелерге өтпеуі, белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сенбеуі тиіс. Сонымен қатар, әрбір азаматқа киберқауіпсіздік негіздері мектеп қабырғасынан бастап үйретілуі қажет. Бұл – мемлекеттің ғана емес,                            әр азаматтың да жауапкершілігі. 

Мемлекет өз тарапынан интернет-алаяқтықпен күрес бағытында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Арнайы заңнамалық базалар жетілдіріліп, құқық қорғау органдары тарапынан жедел-іздестіру                                              іс-шаралары күшейтілуде. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі тек халықтың белсенділігі мен хабардарлығына тікелей байланысты.Сондықтан да азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру – тек жеке қауіпсіздіктің ғана емес, ел қауіпсіздігінің де маңызды құрамдас бөлігі. Интернеттегі қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз.

         Қорытындылай келе, интернет алаяқтықпен күрес — бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Азаматтардың құқықтық әрі цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы біз тек интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жалпы елдің қауіпсіздігін нығайтамыз.

Мұғалжар аудандық сотының 

судьясы А.А.Шунимов

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...