12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Инклюзивті сынып ашылғалы бері қызым оқуға асығады». Инклюзивті білім беруде Ақмола көш бастады

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша елімізде Ақмола облысы көш бастап тұр. Өңірде бас аяғы ерекше қажетілігі бар 11 мың бала есепте тұр. Оның 2 мыңға жуығы мүгедектігі бар балалар. Жас ерекшелігіне қарай, мектеп жасына дейін 5 мың бала, мектеп жасында 7 мың бала және кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында 47 бала білім алып жатыр. Атап өтер жайт мүгедектігі бар балалардың білім алуы, қандай да бір кәсіппен мамандануы өте маңызды. Осы орайда аталмыш өңірдің бұл бағытқа бейімделуі мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай қалыптастыруы қуантады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектігі бар адамдарға көңіл бөлуді арттыруымыз керек. Олар үшін Қазақстан барьерсіз елге айналу керек» , — деп, ерекше атап өткен еді. Осы тұста үкіметке тапсырылған негізгі бағыттардың бірі инклюзивті білім беруді сапалы ұйымдастыру болып отыр. Яғни мемлекет тарапынан да бұл бағытқа қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Кешенді атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында мүгедектігі бар жандардың  ертеңіне деген үміті де күшейіп келеді.

Өңірде ерекше қажетілігі бар балалардың оқу мүмкіндігін жақсарту мақсатында 5 мектеп-интернат, 4 медицина-психология, 20 педагогика-психология сыныптары жұмыс жасайды. Және де инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға негізделген 50 сынып бар. Қазіргі таңда бұл білім беру орындарының барлығы сапалы біліммен балаларды қамтамасыз етіп отыр.

Ақмола облысы білім бөлімінің дерегінше, жоспар бойынша 2025 жылға дейін аумақта жаңа 60 сынып қосылады. Биылғы жоспар жаңадан 30 сынып ашу. Аталмыш сыныптар Жақсы, Бұланды, Сандықтау т.б. аудандарында ашылмақ. Негізі көп жағдайда мүгедектегі бар балаларға мегаполистер мен қалаларда ғана жағдай жасалған деген түсінік қалыптасқан. Ал аталмыш өңірде энклэзивті сыныптардың аудан орталығынан да ашылуы жергілікті тұрғындарды қуантып отыр. Мұндай бастама басқа облс орталықтарына да үлгі болып, жергілікті жердегі мүгедектігі бар жандардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыра алса нұр үстіне нұр. Бұл сыныптардың кәдімгілерінен айырмашылығы арнайы тақтаның, аяқ-қол моторикаларын дамыту, психолоиялық қолдау бұрыштарының қарастырылуы. 

Білім бөлімі мектепке дейінгі және орта білім беру бойынша жауапты бас маман Марал Қоспанова әр баланың сапалы білімге қол жетуі керектігін айтады. 

«Инклюзивті білім беруде, ерекше қажетТілігі бар балаларды оқытуға бейімделген сыныптарды ашу өте маңызды. Әр баланың тең дәрежеде білім алуына жағдай жасау арқылы, қандай да бір нәтижеге жетуге болады. Аталмыш қадамдар ерекше қажеттілігі бар балалардың қоғамда орнығып кетуіне оң септігін тигізеді. Осы мақсатта биыл бюджеттен 400 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл өз кезегінде ресурстық орталықтарды ашуда үлкен серпіліс бермек» , — деді Марал Қоспанова

Инклюзивті білім алуды оңтайландыру жұмысының жемісін ата-аналар да көріп, алғысын білдіруде. Державинск қаласының Надежда Крупская мектебінде инклюзивті білім алып отырған ІІ топтағы Көркемнің анасы, жағдайдың біршама оңалғанын жеткізді.

«Инклюзивті сынып ашылғалы бері қызым оқуға асығады. Негізгі себеп білім беру жүйесіндегі ерекшелік деп ойлаймын. Сыныптар кең, жарық, заманауи. Әдепкі сыныптардан бөлек ерекше балаларға ыңғайланған оқу құралдары да бар. Баламыздың ерекшелігіне қарамастан басқа жеткіншектер сияқты оқуға барып жүргенін көрудің өзі бізге — үлкен бақыт» , — дейді Көркемнің анасы.

Айта кетейік, инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева елімізде мектептердің 86 пайызы инклюзивті білім беруге дайын екенін жеткізген еді. Ол 2019 жылдан бері Қазақстан бойынша білім беру 83-ке, ерекше қажеттілігі бар баларды қамту 20 пайызға артқанын айтқан болатын. Осы орайда елімізде мүгедектігі бар жандарға бар жағдай жасалып, инклюзивті қоғам құруға бейімделіп келе жатқанымыз көңіл қуантады. Түрлі себептермен елімізде көбейіп келе жатқан мұндай жарымжан адамдарға қамқорлық көрсету қоғамның міндеті болмақ!

Әйелдер түзеу мекемесінде жұмыс кеңесі өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың...

«Встреча у ворот»

Социальный проект «Встреча у ворот» проведен в колонии №21...

«Қақпа алдындағы кездесу»

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...

Правонарушитель своим трудом заглаживает ущерб, нанесенный им обществу

Общественные работы — это наказание, при котором человек имеет...

Құқық бұзушы өзінің еңбегімен қоғамға келтірген залалды түзетеді

Қоғамдық жұмыстар - бұл адамның өз жұмысын, отбасын, әдеттегі...