Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Алмаз Ыдырысов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

2005-2006 жылдары — «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы. 

2006-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет еткен.

2014-2016 жылдары — «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары. 

2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болған.

2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары — ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы — ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болған.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің басты белгісі

Мемлекеттік тіл – кез келген тәуелсіз мемлекеттің негізгі нышандарының...

Дербісектегі даудың дабыры Алматыға жетті

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Дербісек ауылындағы ұңғымаға қатысты дау...

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлерінің үш буыны Қазақстанның мемлекеттік рәміздері аясында бас қосты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

Три поколения сотрудников УИС по области Абай объединились под государственными символами Казахстана

В преддверии Дня государственных символов Республики Казахстан в учреждении...