Төлен ата мешітінің бас имамы Ғалымжан Оразалыұлы ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталғандармен кездесті. Кездесуге 11 жазасын өтеуші азаматтар мен азаматшалар қатысып, фиқһ пен дәрет алудың әдебін түсінді.
Имамның айтуынша фиқһ сөзі араб тілінен аударғанда терең ұғыну деген мағынаны білдіреді. Ол – қоғамда кездесетін әртүрлі мәселелер төңірегінде туындайтын сұрақтарға берілген жауаптардың негізінде қалыптасқан.
- Осындай басқосулар жиі болып тұрса деймін. Себебі, жүректе иманымыз әлсіреп кететін кездер болады. Болмашы ойдың жетегінде жанымызды жүдетіп аламыз. Ондай кезде адамға қорған болатын жүректегі иманы. Соңғы уақытта оны әлсіретпеуге тырысып жүрмін,-деді сотталған.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД