Іле аудандық пробация бөлімі көрсеткіш сот өткізді

Іле аудандық сотының ғимаратында, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Іле аудандық пробация бөлімі және прокуратурасымен бірлескен, есепте тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өткізілді.

Істі қарастыру нәтижесі бойынша сот жазаны өтеу мерзімі барысында жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін алты сотталғанға қатысты ұсынысты қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстырды. Есептегілер сот ғимаратында қамауға алынды.

Осы іс-шара пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға сотпен жүктелген міндеттерін бұзбауға, қайта қылмыс жасамау және алдын- алу профилактикасы жүзінде өткізілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...