ІІМ ардагерлер ұйымының басшысы Алматы облысы ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті

«Қазақстанның Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық ұйымының төрағасы, Ішкі істер министрінің кеңесшісі милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсанбеков Алматы облысының Заречный кентіне келді.

Ұйым басшысы ҚАЖ ардагерлерімен, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты мекемелерінің басшылығымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында қатысушыларға ІІМ ардагерлер ұйымы мен Ұлттық ұланның атқарып жатқан жұмыстары туралы, Ішкі істер органдары жүйесіндегі өзгерістер туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жайлы мәліметтер жеткізілді.

Кездесу соңында ІІМ ардагерлерінің төрағасы №12 мекемеде орнатылған мемориалда қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...