12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ІІМ Алматы академиясында жол қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференция өтті

Қатысушылар ЖКО-ның алдын алу, көлік мәдениетін қалыптастыру және халықаралық әріптестік жайын талқылады.

2025 жылдың 28 маусымда ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында «Болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын жетілдіру, жолдағы қауіпсіздік мәдениетін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Ауқымды шараға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері, Академия басшылығы, Ташкент мемлекеттік көлік университетінің проректоры, Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің Көлік және робототехника институтының директоры, Қазақ жол қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының басшысы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Автомобиль жолдары комитеті, автомектептер мен көлік саласындағы жетекші оқу орындарының оқытушылары мен сарапшылары, салалық ұйымдар мен компания өкілдері қатысты.

Академия бастығы, полиция полковнигі Қалижан Қобландин конференцияны ашып, білім беру жүйесінде жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды:
«Азаматтардың жолда өзін қауіпсіз ұстауын қалыптастыру ең алдымен білім мен тәрбиеге байланысты. Академия тек мамандар дайындап қана қоймай, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми және тәжірибелік жобаларға белсенді қатысып келеді», – деді ол.

Конференцияда сөз алған ҚР ІІМ ӘПК өкілі, полиция полковнигі Әлібек Кениспаев жол-көлік оқиғаларына қатысты өзекті статистиканы келтіріп, жағымды динамиканың байқалатынын атап өтті.

Халықаралық сарапшылар тарапынан да мазмұнды ұсыныстар айтылды. Баходир Тураев, Ташкент мемлекеттік көлік университетінің проректоры Vision Zero тұжырымдамасын — жолдағы өлім-жітімді нөлге дейін азайтуды көздейтін халықаралық тәжірибені таныстырып, оның ТМД елдерінде іске асу мүмкіндіктерімен бөлісті.
Таалайбек Маткеримов, ҚМТУ-дың институт директоры (Қырғызстан), интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу мен жол инфрақұрылымын жаңғырту қажеттігіне назар аударды.
Арыстан Масанов, Қазақ жол қауіпсіздігі ҒЗИ директоры, ЖКО-ға әсер ететін мінез-құлықтық факторлар мен инфрақұрылым мәселелерін зерделеу нәтижесін ұсынып, жастарға арналған алдын алу бағдарламаларын енгізу қажет екенін жеткізді.

Конференция қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен іс-шаралар кешені әзірленетін болады.

Талқылау барысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының маңызына ерекше назар аударылды. Бұл концепция — еліміздегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттің басым бағыттарын айқындайтын негізгі идеологиялық бағдар.

Аталған тұжырымдама аясында жол қауіпсіздігі мәселелері қоғамның тұрақты әрі қауіпсіз келешегін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...