III Халықаралық Фараби форумы

2024 жылдың  11 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  “III Халықаралық Фараби форумының” қорытынды кеші өтті. Форумда Университет ректоры — Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев сөз сөйлеп, қатысушыларға өз ізгі ниетін білдіріп, студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық  ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табыс етті. Іс-шараға Заң факультеті оқытушылары  мен жас ғалымдары қатысты.

Форумның мақсаты: әл-Фараби мұрасын зерттеп жүрген жас ғалымдарды біріктіріп,  әл-Фарабидің бай мұрасы призмасы арқылы қазіргі қоғам дамуының рухани, тарихи және философиялық негіздерін түсіндіріп, ғылым мен білімнің интеграциясына, қазіргі қоғамның адамгершілік және зияткерлік мәдениетін жетілдіруге қатысты кең ауқымды өзекті мәселелерді талқылау болды.

Форум қорытындысы бойынша Дәрежелі орындарды, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған заң факультетінің:

1. I орын — Абишева Меруерт Нұрланқызы;

2. II орын — Маратов Алмаз Кайратович;

3. III орын — Байдулина Аяна Серікқызы иеленді. 

Жеңімпаздарға дәрежелі диплом мен қатар, 75 000теңге, 50 000теңге, 30 000теңге көлемінде ақшалай сыйлық сертификаттары табыс етілді. Білімімен оқ бойы озық шыққан студенттерімізге алдағы уақытта да бағындырар белестеріңіз биік болсын деген тілек білдіреміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті, Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы Р.Б. Тұрысбек

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...