II Елизавета патшайым қайтыс болды

Англия патшайымы Елизавета II Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

8 қыркүйекте БАҚ 96 жастағы патшайымның кенеттен өзін нашар сезінгенін хабарлады. Көп ұзамай сарайға корольдік отбасы мүшелері — мұрагер ханзада Чарльз және патшайымның немересі ханзада Уильям, ханзада Эдвард Анна ханшайыммен, ханзада Гарри әйелі Меганмен жиналды. Патшайымның денсаулығының нашарлағаны туралы хабардан кейін ресми резиденцияға қарапайым халық жинала бастады.

7 қыркүйекте корольдік баспасөз қызметі денсаулығының нашарлығына байланысты II Елизавета корольдік жеке кеңес отырысын кейінге қалдырғанын хабарлады. Бір күн бұрын Балморал сарайында патшайым бұрынғы премьер-министр Борис Джонсонның отставкасын қабылдап, Ұлыбритания жаңа премьер-министр етіп таңдаған Лиз Трусспен кездесті. Королева жаңа үкіметті құруға және жаңа министрлерді тағайындауға тапсырма берген болатын.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....