Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Заречный аулындағы ЛА 155/14 мемлекеттік мекемесінде короновирусқа қарсы күресумен қатар заңнамаға сай жұмыс жалғасуда.
Төтенше жағдай кезінде мекеме бастығы, әділет майоры Жаныбек Қосжановтың ұйғарымымен кесілген мерзімінен бұрын шарты түрде босатылған К.Алламбергеновтің Түркістан облысы, Келес ауданына жетуі үшін Қапшағай қалалық темір жол бекетінен поездға отырғызылып, Манкент стансасында полиция қызметкерлері күтіп алды.Екінші сотталған Н.Әуелбеков мерзімінің аяқталуына байланысты түзеу мекемесінен босатылып, туыстарына тапсырылып, Жамбыл облысы, Қордай ауданына кетті. Төрт сотталғанды Алматы қалалық бекетінен туыстары күтіп алды. Мерзімінің аяқталуына байланысты мекемеден босатылған Өзбекстан азаматы Т.Каниязовты мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры Ердос Берікұлы бастаған қызметкерлер бірлесіп уақытша Алматы қаласы,Алатау ауданында тұратын туыстарына қолхатпен табыстады. Өзбекстан Республикасының Елшілігіне жіберілген құжаты дайын болған кезде бұл азамат міндетті түрде еліне қайтарылады.
Бұл әрекет — Түзеу мекемесінде қалыптасқан тәртіпті сақтаумен қатар жұқпалы індеттен таза шыққан азаматтардың еліне,отбасыларына сау жетулеріне жасалған жағдай.
Бағдагүл Қасымханова,
ЛА 155/14 мекемесінің аға инспепкторы, әділет капитаны.