Игі істер марафоны

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев атындағы ауданының пробация қызметі бөлімінің инспекторлары, ПҚБ есебінде тұрған сотталғандар және жастар ресурстық орталығының еріктілері «Игі істер марафоны» акциясына қатысты, олар Булаев қаласындағы жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне отын жинауға көмектесті. Акцияға барлығы 5 адам қатысты. Айтып өтетін жайт, сотталғандар көмек көрсетуге әрдайым дайын тұрады, мейірімділік танытады.

— Қарт адамдарға көмек көрсету-біздің парызымыз. Өйткені мейірімділік кішкене игі істерден басталады, — деді сотталған К.

Бұл акция маңызды және пайдалы болып табылады, өйткені ол еріктілік қызметті дамытуға және құрмет көрсетуге ықпал етеді.

СҚО бойынша ҚАЖД М. Жұмабаев ауданының ПҚБ бастығы

әділет капитаны Данияр Әбішев

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...