12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Hotel Plaza Almaty қонақүйіндегі түнгі өрт: 57 адам құтқарылды

Алматылық өртсөндірушілер Hotel Plaza Almaty қонақүйінен 57 адамды құтқарды. Өрт төменгі қабатта орналасқан саунадан шыққаны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына 19 мамырда сағат 22:21-де ТЖД бастығы Руслан Қасыбаев бастаған өртсөндірушілер барған.

«Келген соң бірінші өрт сөндіру бөлімшесі 22:26-де өрт төменгі қабаттағы саунадан шыққанын анықтады. Барлық қабатқа түтін тараған, бұл оқшауланған бөлмелердегі адамдардың өміріне қауіп төндірді.

Қонақтар қонақүй терезелерін көмек сұрады. Оқиға орнында жедел штаб жұмысы жүргізілді, екі жауынгерлік учаске құрылды», — деді ТЖД қызметкері.

Құтқару жұмыстарына газ-түтіннен қорғау қызметінің 12 қызметкері, 3 өрт сөндіру автосатысы, 4 үш иінді жылжымалы баспалдақ жұмылдырылған. Эвакуацияға жанғыш өнімдердің концентрациясын төмендету үшін құтқарушылар АД-120 түтінді жою көлігін қолданған.

«Қабылданған жедел шаралар арқылы 57 адам құтқарылды. Қайтыс болғандар жоқ. Өрт шыққан сәттен кейін, яни 59 минуттан соң 23:25-те ауыздықталып, 23:44-те сөндірілді. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 42 адам және 14 техника жұмылдырылды», — деп атап өтті ТЖД қызметкері.

Еске салайық, бұған дейін Қожамқұлов пен Қарасай батыр көшелері қиылысында орналасқан Plaza Hotel Almaty қонақүйінде өрт шыққаны хабарланған болатын.

МВД обратилось к участникам дорожного движения

В связи с празднованием Дня Независимости Республики Казахстан многие...

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, — деп хабарлайды...

Мемлекеттік тіл – тұрақтылық кепілі

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі....

Аида Балаева «Негізсіз ақпараттар әдейі таратылып жатыр»

Бүгін Human Rights Watch халықаралық ұйымы «Қазақстанда журналистерге қысым...