Хоккейден Қазақстан құрамасының капитаны «Барыстан» кетті

Қазақстан құрамасының хоккейшісі, 36 жастағы Роман Страченко «Барыстан» мәскеулік «Спартак» командасына ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Барыс» құрамында 14 маусым ойнаған соң Роман Старченко өз күшін басқа клубта сынап көрмекші. «Барыс» Романға клубтың және Қазақстанда хоккейдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Сонымен қатар әрі қарай мансабында сәттілік тілейді», – делінген «Барыс» хоккей клубының хабарламасында. 

Қазақстан құрамасының капитаны «Барыс» сапында клуб Қазақстан хоккей лигасына қосылған уақыттан бері ойнады. 740 матчта 377 рет гол салған. Сонымен қатар Роман – Лигадағы 200 салынған шайба көрсеткішіне жеткен жетінші ойыншы. Старченко астаналық клубтағы екінші мерген екенін де естен шығармау керек. 

Роман Старченко 2004/2005 және 2006/2007 жылғы маусымдарда Қазақстан чемпионы атанған. 2013 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі атанды, түрлі чемпионаттардың жеңімпазы. 

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...