ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы-жас ғалымдар алаңы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында филология факультетінің түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен 17 сәуір күні дәстүрлі түрде болатын ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың ақпараттық хаты республикамыздың барлық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарына жіберілді. ХІ Республикалық “Үздік лингвист” олимпиадасына Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚызҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары қатысты.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары филология ғылымдарының докторы Ибраева Ж.К. және филология ғылымдарының кандидаты Мамбетова М.К., аға оқытушы Г.С. Нәбиева, сонымен қатар Шетел тілі: екі шет тілі мамандығының 1-курс докторанттары мен лингвистика мамандығының 2-курс докторанты Мырзабек Бибіхан.


Олимпиадаға Лингвистика, Қазақ филологиясы, Орыс филологиясы, Шетел филологиясы, Шетел тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.«Үздік лингвист» олимпиадасы 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – жалпы тіл білімі, тіл теориясы, генеологиялық, типологиялық классификация бойынша тест сұрақтары болса, екінші кезеңде «Қазақстандағы цифрлық лингвистика: болашағы және даму бағыттары» атты тақырыпта қатысушылар презентация қорғады. Олимпиада өте жоғары деңгейде, аламан бәйгеде әділ өтті. Олимпиаданың жеңімпаздарына жүлделі орындармен қатар, сыйлықтар табысталды. Бірінші орынды Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты Төлегенова Мөлдір, екінші орынды әл-Фараби атындығы ҚазҰУ магистранттары Аринов Әлішер, Қарымхан Ақмарал, ҚызҰПУ магистранты Байкенова Тоғжан, үшінші орынды әл-Фараби атындығы ҚазҰУ магистранттары Маманов Болат пен Нұрланғазы Балнұр иеленді.


Олимпиада алға қойған басты мақсаттарды орындандады. Жас ғалымдардың, магистранттардың ғылыми белсенділіктерін арттырып, ғылымға деген қоғамдық қызығушылықты ояту арқылы, ғылыми кеңістіктегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу мақсатында ғылыми баяндамалар қорғалды.
Жас зерттеуші ғалымдар ғылыми тұжырымдарын олимпиадада талдап, пікір алмасты. Ғылым жолында жүрген ізденуші жас ғалымдардың бас қосатын алаңына айналған “Үздік лингвист” олимпиадасы жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын оятып,бағыт-бағдар көрсететін ірі ортаға айналып келеді.

Ж.К.Ибраева ф. ғ. д., М.К. Мамбетова ф. ғ. к. Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары

Б.М. Мырзабек, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының
2-курс докторанты

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...