Халықаралық балалар футболы күні орай шағын футболдан жолдастық кездесу өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде 19 маусым – Халықаралық балалар футболы күні орай, САӘПТЖБ  бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Бекзат Жакановтың ұйымдастырумен жазасын өтеуші жасөспірімдермен, Алматы қаласының «Рузаевка» футбол командасы және тренері Алимбеков Дениспен бірлесіп, жасөспірімдер арасында шағын футболдан жолдастық кедесу өтті. Балаларды спортқа тарту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының бекітуімен осындай атаулы дата пайда болды. 2001 жылғы UNIC-EF Балалар қоры мен FIFA арасындағы келісімге сәйкес, бұл күн 19 маусымда аталып келеді. Бұл мерекенің жазалы балалар да атап өтуден қалыс қалмады. №11 мекеме командасы мен «Рузаевка» футбол командасы арасында ойын тартысты қызықты өтті. Есеп 10:6 Мекеменің жазалы жасөспірімдерден құралған команда жеңіске жетті.

Іс шара соңында, мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі  Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға мекеме бастығының атынан алғыс айтып, барлық жасөспірімдерді халықаралық балалар футбол күнімен құттықтап, жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақырды. Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.

                                           №11 мекеме  Жеңісхан Еркегүл

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...