ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР ИГІЛІГІН КІМДЕР КӨРІП ЖҮР?

Тұрақтылық пен дамудың Еуразиялық қоры «Халықаралық қаржы ұйымдары мен даму агенттіктерінің Еуразия аймағындағы техникалық әрекеттестігі» деп аталатын жұмыс құжатын жариялады. Ол Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстандағы қаржы жобаларының ашық дерек қорына негізделген.

Сарапшылар зерттеуіне қарағанда, Еуразия аймағындағы 2009–2021 жылдары 2900-ге жуық техникалық әрекеттестік жобасы жүзеге асырылыпты. Оның 65 пайызы халықаралық қаржы ұйымдарының, 35 пайызы даму агенттіктерінің үлесіне тиеді.

Институционалдық және әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуге қажетті бұл жобалардың басым бөлігі мемлекеттік басқару, экономикалық даму, макроэкономика, денсаулық сақтау және ауылшаруашылығы салаларын қамтиды. Атап айтқанда, оның 709-ы мемлекеттік басқару, 667-сі макроэкономика, 238-і экономикалық дамуға қатысты. Жалпы, техникалық әрекеттестік жобаларының 1590-ы Тұрақтылық пен дамудың еуразиялық қорына мүше – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінде жүзеге асырылды. Ал аймақтағы Әзірбайжан, Грузия, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстанда бұл көрсеткіш 1216-ны құрады. Тек 64 жоба бірнеше елді қамтыды. Сондықтан қорға мүше мемлекеттер арасында халықаралық қаржы ұйымдары мен даму агенттіктерінің техникалық әрекеттестік жобаларының саны жағынан үздік үштікке Армения (336 жоба), Қырғызстан (326 жоба), Тәжікстан (282 жоба) енді. Ал Еуразия аймағы бойынша өңірлік 64 жобаны қоспағанда, бірінші орынды Армения (371), екінші орынды Қырғызстан (328), үшінші орынды Өзбекстанға (371), төртінші орынды Грузия (317), бесінші орынды Моңғолия (310), алтыншы орынды Тәжікстан (284), жетінші орынды Ресей (253), сегізінші орынды Қазақстан (197), тоғызыншы орынды Беларусь (188), оныншы орынды Әзірбайжан (170), иеленді. Тұрақтылық пен дамудың еуразиялық қоры сарапшыларының есебіне қарағанда халықаралық қаржы ұйымдары мен даму агенттіктері тарапынан жүзеге асырылған жобалардың санына қарамастан аймақтағы шешілмеген құрылымдық, экономикалық және әлеуметтік мәселелер донорлық қауымдастықтардың алдағы әрекеттерінің үйлестірілуін қажет етуде. Бұл қор 2009 жылы 9 маусымда құрылған болатын. Оның алға қойған мақсаты – мүше мемлекеттердің әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеруіне ықпалдасу, экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, аймақтағы ықпалдастық процестерді қолдау.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.