12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Халық кеңесін құрудың мәні жоғары

Қазақстанның Конституциясы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы сенімді нығайтуға, билік тармақтарының тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға және әлеуметтік экономикалық дамудың негіздерін күшейтуге бағытталған үлкен қадам болып табылады.

Халық кеңесінің құрылуы – азаматтық қоғам мүдделерін мемлекеттік саясатқа тиімді енгізу үшін маңызды механизм болып табылады. Бұл жаңа орган заң жобаларын қарауға, қоғамдық пікірді ескеруге жəне билік пен халық арасындағы диалогты жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құжатта сот жүйесін жетілдіру, құқықтық мемлекет қағидаларын күшейту, Парламенттің өкілеттіктерін нақтылау жəне билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз ету сияқты маңызды бағыттар айқын көрсетілген.

Бұл өзгерістер қоғамдағы тұрақтылықты күшейтіп қана қоймай, құқықтық мемлекет қағидаттарын одан əрі нығайтады. Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, əлеу меттік кепілдіктерді қамтамасыз етуді жəне қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік деңгейде бекітуге мүмкіндік береді. Бұл əсіресе əрбір аудан тұрғыны үшін нақты пайда əкеледі: тұрғындардың қауіпсіздігі, əлеуметтік қамсыздандыру, əділетті сот төрелігі мен құқықтық қорғау мəселелері Конституция деңгейінде кепілдендірілген. Сондай-ақ, құжатта дəстүрлі отбасы құндылықтары мен ұлттық мəдениетке құрмет басты назарда.

Бұл – еліміздің рухани бірлігін сақтауға жəне əрбір азаматтың мəдениетке, дəстүрге деген құрметін арттыруға арналған маңызды қадам. Конституция қазақстандықтарға сенім мен тұрақтылық сыйлайды, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара түсіністікті күшейтеді жəне еліміздің болашағына деген сенімді арттырады. Бұл реформа – еліміздің құқықтық, əлеуметтік жəне экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, қоғамның бірлігін қамтамасыз ететін стратегиялық негіз болып табылады. Конституцияға енгізілетін өзгерістер еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде біздің ауданымызға да нақты жағымды əсерін тигізетіні сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияның жаңа редакциясы – елдің тұрақтылығын, құқықтық мемлекет қағидаттарын жəне қоғамның дамуын нығайта отырып, əрбір азамат үшін сенімді болашақ кепілі болмақ.

Р.САЛИКОВА, Маңғыстау аудандық соты əкімшісінің басшысы МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Уақыт қажеттілігінен туған жоба

Дәл қазір елімізде жаңа Конституция жобасы жарияланып, талқылану үстінде....

Әскери сот процесінде ӘРПК нормалары бойынша әкімшілік істерді қарау

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) күшіне енуі әскери...

Сот приставы – сот саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі сот шешімдерінің...

Обозначили свою единую гражданскую позицию

Горняки АО «Шубарколь комир», коллектив разреза «Восточный» и молодежь...

Искусственный интеллект под контролем: Казахстан задаёт стандарты региона

18 января 2026 года в Казахстане вступил в силу новый Закон «Об...