ХАЛЫҚҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ ЖҮЙЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

Департаменттің негізгі бағыттарының бірі – халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау.
Осы бағытта Департамент азаматтардың өтініштерін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді зерделейді және анықталған заң бұзушылықтардың себептерін талдайды.
Жүйелі сипаттағы мәселелер анықталған жағдайда, оларды шешу және қайталануына жол бермеу бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар мен сұрау салулар жолданады. Қажет болған жағдайда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібінің сақталуына, қызметтердің қолжетімділігіне және заңнама талаптарының орындалуына ерекше назар аударылады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және халық үшін мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін барынша ашық әрі қолжетімді ету.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...