«Хабар 24» телеарнасына жаңа директор тағайындалды

«Хабар 24» телеарнасының директоры қызметіне Айгүл Әділова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли мәлім етті.

«Айгүл Нұрханқызы — елімізге белгілі тележурналист, тәжірибесі мол, жоғары білікті маман. Еңбек жолын Ақтөбеде бастап, «Рика ТВ», «Астана» телеарналарында, «Қазақстан» РТРК облыстық филиалында тілші, жаңалықтар жүргізушісі қызметтерін атқарды. Кейін «Евразия» бірінші арнасының» тілшісі, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі ретінде танылды. «Хабар» агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асты. Тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік етті. БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы атанды», — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...