Гуманитарлық көмек. 2020 жылы Қазақстанға кім не жіберді?

Қазақстан 2020 жылы 19 миллион долларға гуманитарлық көмек алды. Оның жартысынан көбі Қытайдан келді. Қазақстан да әлемнің түрлі еліне 3,1 миллион долларға көмек көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Деректерді ranking.kz сарапшылары мәлімдеді.

2020 жылы Қазақстан әлемнің түрлі еліне 3,1 миллион долларға гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп.

«Бұл ретте Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің көлемі 19,1 миллион АҚШ доллары. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. 2020 жылы алынған гуманитарлық көмектің үштен бірінен көбі көліктер мен оның жабдықтары, 6,5 миллион долларға. 31 пайызы киім мен аяқ киім, 5,9 миллион доллар», — деп жазады сарапшылар.

Дәрі-дәрмек түріндегі гуманитарлық көмек көлемі 2,3 есе, 1,7 миллион долларға дейін қысқарған.

Жалпы алғанда 2020 жылы Қазақстанға гуманитарлық көмектің ең үлкен көлемін Қытай жіберген, 10 миллион долларға жуық. Бұл көрсетілген бүкіл көмектің жартысынан көбі. Пандемияға дейін, 2019 жылы Қазақстан Қытайдан гуманитарлық көмек алмаған.

Сондай-ақ, Қазақстан Германияға құны 2,2 миллион доллар, Үндістан мен Катарға — әрқайсысы 1,7 миллион долларға көмек көрсетті.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...