Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін күні мен орны жарияланды

Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасында биылғы қыркүйекте өтетін үшінші жекпе-жектің бастапқы жоспарын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Matchroom Boxing төрағасы Эдди Хирн Канело-Бивол жекпе-жегінің промоушны барысында Лас-Вегас қаласының Канело Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші және соңғы жекпе-жекті өткізуге «сөзсіз фаворит» екенін айтты. Оның айтуынша, болжамды күн — 17 қыркүйек, бірақ әлі толық шешім шыққан жоқ», — деп хабарлайды Las Vegas Review Journal тілшісі Сэм Гордон.

Еске сала кетсек, GGG мен Канело арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті.

Олардың нәтижесі тең есеп және төрешілердің көпшілік шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталған.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...