Головкин Канеломен жекпе-жектен кейін карьерасын аяқтай ма? Абель Санчес жауап берді

Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жегі қазақстандық боксшы үшін шешуші болмақ. Мұндай пікірді GGG-дің бұрынғы бапкері Абель Санчес білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz. 

Оның айтуынша, трилогияның нәтижесі Головкин карьерасын жалғастыра ма, әлде бокстан кетуге бел буа ма, соны анықтайды.

«Менің ойымша, бұл — GGG-дің соңғы жекпе-жегі. Ол жеңіледі деп ойлағандықтан емес, ол қазірдің өзінде жасаған ісіне, өз тарихына риза деп ойлаймын. Ол Канелоны жеңуі керек. Егер Головкин жеңсе, онда ол жалғастырады. Бірақ жеңе алмаса, спорттан кетеді деп ойлаймын», — деп келтірді izquierdazo.com Санчестің сөзін.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді. Канело екінші орта салмақтағы абсолют чемпион атағын алғаш рет қорғайды, ал 40 жастағы Головкинге жаңа дивизиондағы дебюті болмақ.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...