Германияда локдаун ұзартылды

Германия билігі елдегі карантин шараларын 7 наурызға дейін ұзартты, — деп хабарлайды Deutsche Welle.

Бұл туралы ГФР канцлері Ангела Меркельдің федерал жер басшыларымен кездесуінен кейін қабылданған қаулыда айтылған.

«Канцлер мен федерал жер премьер-министрлерінің қолданыстағы шешімдері, егер бұл қаулыда қандай да бір өзгеріс болмаса, әлі де күшін сақтайды. Жер билігі олардың бұйрығын тиісті түрде бейімдеп, карантин шараларын 7 наурызға дейін ұзартады», — делінген қаулыда.

Басылым мәліметінше, 1 наурыздан бастап санитарлық-гигиеналық ережелер сақталған жағдайда шаштараздар жұмыс істей бастайды. Мектептерді ашу мәселесін федерал жер басшылары шешеді.

Биліктегілер атпа ішінде 100 мың адамға есептегенде коронавирус жұқтырғандар саны 35-тен төмен болса локдаун жеңілдейтінін атап өтті. Ол кезде саудагерлер жұмысқа шығып, музейлер мен басқа мекемелер ашылады.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...