Қай заман болса да отбасындағы теңсіздіктің кесірінен нәзік жандарға қол көтеріп, шырқы бұзылған отбасылар жетіп артылады. Отбасының берекесі сол отбасы мүшелерінің бір –біріне деген сыйластығынан тұрады. Ол жерде кімнің кінәлі, кімнің кінәлі есемес екенін анықтап жатады. Ал түпкілікті қарасақ, оған жол бермей, алдын алуға әбден болады.
Сондықтан, отбасындағы ері мен әйелінің бір –біріне сыйластығы тепе –теңдікті ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сыйластық кикілжіңді ашусыз шешуге жол береді.
Тіпті үйленіп, отау құрғаннан кейін жұбайларының жұмыс жасағанын қаламай, қарсы шығып, тек үй жұмысына бағыттап қоятындар бар. Осы тарапта да қаншама отбасылары қарама –қайшы сөз таластарына келіп қалып жатады. Егер екі жастың арасында сыйластық болса, онда олар бір –бірін бірінші тыңдап, шешу жолдарын отртаға салып, екі жақты жарасымды шешім табатыны сөзсіз.
Гендерлік теңсіздік бар жерде сыйластық болмайды. Одан қалып, ол отбасындағы балалар қорқыныш үстінде өсіп, олардың да дағдарысқа ұшырауына алып келеді. Сөйтіп, отбасының берекесі қашады.
Отбасындағы балалардың бұзықтығы да осыдан шығады. Олар үлкендерге еліктегендіктен көргендерін жасайды. Ал, әдемі отбасындағы балалар бір –бірін сыйлап, бауырмал, мейірімді болып өседі.
«Сөз — сөзден туады, Сөйлемесе- қайдан туады?, Отбасының жанжалы, Ішпеген шайдан туады, Ауыр жолдың азабы, Артар атан –нардан туады» дегендей, барлығы бір сөзден туады.
Сондықтан отбасындағы гендерлік теңсіздікке жол бермей, ашуға бой бермей, сөзбен сыйласып шешу жолдарын бірігіп қарастырған жөн.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісінің басшысы А. Нұрболатқызы


