12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өткізген жиын барысында үкіметтің алдына шұғыл шешілуі тиіс жеті міндет қойған болатын. Соның бірі — гендерлік тең құқықты нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев біртіндеп әйелдердің еңбегін қорғау, олардың мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде қатысуын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.

Гендерлік саясат — әйел адамдардың тек мемлекеттік қызметте, билік басында басқа да салаларда ерлермен тең жұмыс істеуін ғана қарайтын сала емес, сонымен бірге отбасында, күнделікті тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігін, тепе-теңдігін көрсетеді.

Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар, олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті байқалмайтын тірлік және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық — бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.

Елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру және біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.
Осы мақалада гендерлік саясаттың бір ғана тармағы — мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде сот саласындағы әйел адамдардың рөлі туралы сөз қозғамақпын.

Еліміздегі мемлекеттік қызмет саласындағы әйел адамдардың еңбегі ұшан-теңіз. Сот жүйесінде ерлермен иық тірестіре әйел адамдар да ел игілігі жолында тер төгуде.
Соның ішінде Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде әйел адамдардың үлес салмағы басым: Шығыс Қазақстан облысы бойынша 20 сот болса, оның -115 судья, 275 мемлекеттік қызметкер, 51-ер азаматтар, 224 әйел адамдар, яғни 81 пайызы —нәзік жанды әйел адамдар құрайды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 20 соттың сот әкімшісінің басшысы болып қызмет атқарып келе жатқан 4-ер азамат басқарса, 16 қыз-келіншектер қызмет атқаруда.
Мемлекеттік қызметтегі мамандар — барлығы да ер азаматтармен бірге абыройлы қызмет етіп келе жатқан біздің әріптестіріміз — жауапкершілігі мол қызметтің тиянақтылықты, қағазбен жұмыс істейтін ұқыптылықты қажет ететін салаларда әйел адамдар басым. Көбіне кеңседе отырып істейтін жұмыстарды әйел адамдар өз міндетіне алған. Әйелдердің екінші бір үлкен жауапты міндеті ол отбасы алдындағы міндеті болып табылады.

Мемлекеттік қызметте де жемісті жұмыс атқарып, отбасына да үлгеріп жүрген әріптесіміз сот әкімшісінің басшысы лауазымында жұмыс істеп келе жатқан әріптестеріміз жайлы айта кеткім келеді.

Алдыңғы жас буын Риддер қалалық соты әкімшісінің басшысы болып қызмет атқарып келе жатқан Карибаева Айдана Тимуровна болса.

Сот саласында 23 жыл бойы адал еңбек етіп келе жатқан, оның ішінде 6 жыл бойы бас маман, сот отырысының хатшысы болған, өзінің білімі, еңбекке деген ынтасы және күш-жігері арқасында 17 жыл бойы Сот әкімшісінің басшысы болып қызмет атқарып келе жатқан әріптесім Салтанат Акмаловна Жортбасованы мақтанышпен айтуға болады.

Үйде 2 баланың анасы, 2 немеренің апасы, отбасының да тұтқасын берік ұстаған нәзік жан, жұмыста басшылық лауазымда атқарып жүрген бірнеше медаль иегері Салтанат Акмаловна өзінің қызметтік міндеттеріне адал, тиянақты орындайтын, жас мамандарға әдепті болуға, айтылған сынды дұрыс қабылдай білуге, мемлекеттік қызметте мінсіз қызмет атқаруға, төзімді болуға, өз жұмысына адал болу керектігіне баулып, өз тәжірибесімен бөлісіп жүрген адал жан.

Салтанат Акмаловна сияқты қарапайым да, тыңғылықты жұмысын атқарып, кейінгі буынға үйретері бар, артынан жақсы сөз, мақтанып айтуға тұратын өз ісінің майталманы сияқты адал жандар көп болсын. Кейбір мамандар үшін соттағы еңбек жолын бастау болса, ол үшін осы сот өмірлік тағдыры болып саналады.

Мамандардың тұрақтылығы соттағы жемісті еңбек етуге деген кепілдігі, жұмысқа деген жауапкершілігі, өзінің таңдаған жолына жауапкершілікпен қарауды үлкен нышаны болып саналады, сот ұжымындағы психиқалық тұрақтылығы. Қиын уақытта бірін-бірімен келісіп, қоян-қолтық бірлесіп, жұмыс жасағаннын көруге болады. Осының барлығы ұжымның өмірлік принцпіне айналдырған.

Гендерлік саясаттың жүзеге асыруын ілгерілету мақсатында әйел адамдарға заңмен көбірек жеңілдіктер қарастырылу керек. Осы мәселені еңбек заңнамасының нормасымен бекіту қажет. Осындай жағдайларда әйел адамдарға көмек көрсетілетін болса, еліміздің гендерлік саясаты да ілгерілей түседі деген ойдамын.

Өскемен қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған соты
әкімшісінің басшысы Ш.А.Ислямова

Қазақ әдебиетіндегі Жошы «жорығы»

Роман (X-XII ғасырларда роман тілдерінде жазылған әрқилы сипаттағы шығармалардың...

Дворцы для всех

Начиалось все так здорово, что талдыкоргацы глазам своим не...

В Алматинской области обсуждены вопросы социальной адаптаци осужденных

В акимате Талгарского района состоялось заседание консультативно-совещательного органа, посвященное...

Медицинский туризм в Шымкенте 

Шымкент – третий по величине город Казахстана последние годы...

В Алматы прошло общественное слушание досуговых центров Алмалинского района

Одним из наиболее важных молодежных проектов в г.Алматы является...