Гаражда тұрған көлікті ұрлаған жас жігіт анықталды

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, олардың гаражында тұрған "ВАЗ" маркалы автокөлік белгісіз жағдайда жоқ болған. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. 
Полицейлердің анықтауынша, көпқабатты үйдің ауласында орналасқан гараждан жәбірленушінің туысына тиесілі "ВАЗ" көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Шығын көлемі шамамен 500 000 теңгені құрады.             
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер, тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Полиция бөліміне жеткізілген күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.       Белгілі болғандай, жас жігіт ашық тұрған гараждан көлікті ұрлап әкетіп, кейін айдалаға, егістікке тастап кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті заңды иесіне қайтарды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.     
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін сақтау шараларын қолдануға кеңес береді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй-жайларда бейнебақылау камерасы мен күзет дабылын орнату қажет. Егер, сіз, автокөлікті ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Дихан Қамзабекұлы: «Соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру 3,6 есе өсіп, 261,5 млрд теңгеге жетті»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ҮНДЕУІ Қымбатты отандастар! Бір айдан соң Қазақстан Тәуелсіздігінің...

№68 мекемесінде «Суицидке жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗЫҒЫНЫҢ БІРІ

Тіл – әрбір ұлттың рухани байлығы, тарихы мен мәдениетінің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы мен мәдени...