12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Гүлмира Сатыбалды Универсиада нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру деректері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде соталды тергеп-тексерулер жүріп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...

Суд вынес приговор по делу о мошенничестве

В суде №2 города Кызылорды рассмотрено уголовное дело в...