Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы жаңа маусымның алғашқы матчында Әзербайжанды жеңді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын «Астана Аренада» өтті. Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Екі гол да үзілістен кейін соғылды. 50-минутта Абат Айымбетов алыстан дәл соққы жасап, Қазақстан алға шықты. Араға тура он минут салып, Айымбетов екінші голын соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы үш ұпай еншілеп, 3-топта көш бастады. 

Енді Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда екі матч өткізеді: 6 маусымда Словакиямен, 10 маусымда Беларусьпен күш сынасады. 

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...