Францияда тағы бір мұражай тоналды

Францияның солтүстік-батысындағы Лангр қаласында орналасқан «Ағарту дәуірі – Дени Дидро үйі» мұражайы тоналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 қазан таңертең жұмысқа келген мұражай қызметкерлері кіру есігі бұзылғанын, ал алтын және күміс тиындар сақталған әйнек витрина сынғанын анықтаған. Қылмыскерлер мұражайда қойылған монеталардың бір бөлігін ұрлап кеткен.

Мұражай ғимараты 1790 жылдан 1840 жылға дейін соғылған, 2011 жылы нысанды қалпына келтіру кезінде табылған 1 633 күміс және 319 алтын монетадан тұратын коллекция.

Мұражайдың басқа экспонаттары өз орнында қалған. Қазіргі уақытта қызметкерлер ұрланған монеталардың нақты санын анықтап жатыр.

Лангр қаласындағы мұражай тоналуы Париждегі Луврда болған ұрлықтан бір тәулік өткен соң болып отыр. Онда бетперде киген қылмыскерлер Наполеон мен оның жұбайы Жозефинаға тиесілі зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, императорлық коллекциядан тоғыз экспонатты ұрлап кеткен.

Ұрланған заттардың жалпы құны 88 миллион еуро деп бағаланған.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.