Фейк тарату: қай кезде айыппұл, қай кезде түрмеге жабу қарастырылады?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар көп жағдайда білместіктен жалған ақпарат таратушыға айналады. Ал заңда бұл мәселені реттейтін әкімшілік, тіпті қылмыстық нормалар қарастырылған. Толығырақ Tengri Life пен заңгер Надежда Гельдт айтып берді.

Бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүддесіне, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне елеулі зиян келтіретін, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату 1000 АЕК-ке (3,6 миллион – еск.) дейінгі мөлшерде айыппұл салуды қарастырады немесе 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру», – деп бөлісті заңгер.

Егер фейк бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері және онлайн платформалар, яғни әлеуметтік желілерді пайдалана отырып таралса, онда жаза мынаны көздейді:

  • 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл (11 миллион теңгеге дейін – ред. еск.);
  • сондай-ақ, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу.

Маман төтенше жағдай кезінде, ұрыс жағдайында, соғыс уақытында немесе бұқаралық іс-шаралар кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді.

Айыппұл мөлшерін кім және қалай белгілейді?

«Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жаза тағайындалады, бұл не айыппұл, не түзеу, не қоғамдық жұмыстар, не шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы болуы мүмкін.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иесінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен жалған мәліметтерді орналастырғаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген», — дейді  «Право знать» телеграм-арнасы авторы.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын...

Енді жалғызбасты ата-ананы жұмыстан шығаруға тыйым салынады

Елімізде бұдан былай азаматтық-құқықтық шартпен жұмысқа алуға рұқсат етілмейді....

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.

Енді “ГПХ“ рәсімдеуге болмайды: Сенат заң қабылданды

Құжат еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға қатысты бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда, заң іс жүзінде еңбек қатынастарын реттейтін жағдайларда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасуға тыйым салады.

Жасанды интеллект университеті биыл алғашқы студенттерін қабылдай бастайды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін ашу жоспары туралы мәлімдеді.