ДЕТЕКТИВ ДОДАСЫНЫҢ СЕГІЗІНШІ БЕЛЕСІ

Детектив – əдебиеттің ең кенже жанры болғанымен, оқырманының көптігі жағынан қазір əлемде көшбасшылық тізгінді ешкімге бермей тұр. Адам мен адамның, адам мен қоғамның арасындағы қарым-қатынасты бейнелеуде əдебиеттің жауынгер жанры ретінде мойындалған бұл салаға қолына қалам ұстаған қаламгерлердің бəрі бірдей тəуекел ете бермейді.

Өйткені онда суреттелетін оқиға желісінің шынайылығына оқырманның титтей болса да бір күмəні туындаса, ары қарай оқылмайды. Қоғамдағы тəртіп пен əділдікті қорғайтын судья, прокурор, полиция, адвокат, із кесуші сияқты құқық қорғау саласындағы түрлі мамандардың қызметін насихаттауға бағытталған жанр елдегі билік пен əділдіктің айнасы. Сондықтан оны жазу үшін қара қылды қақ жаратындай əділдік ең алдымен қаламгердің өз бойынан табылу керек. Яғни, жауынгердің бойынан табылатын батылдық, табандылық, қайсарлық, салқынқандылық, ұстамдылық секілді қасиеттерге иек артып, шындықтың бұралаң жолындағы қиындыққа төзе алатын адам ғана детективші бола алады. Сол себепті қоғамда əділдік пен теңдіктің үстемдігін орнату, бұл бағытта əрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын көтеріп, құқығының бұзылмауына ықпал етуді мақсат еткен «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы» ЖШС-ның детектив шығармалар байқауын өткізуге бастамашы болуы жайдан-жай емес. Қара қылды қақ жаратын шындықты əдебиет арқылы айтушыларды қолдап-қуаттауға бағытталған игі бастама биыл сегізінші рет жүзеге асып отыр. «Кемел Тоқаев атындағы VIII республикалық детектив шығармалар байқауы қорытындысының биыл Тараз қаласында өтуінің символикалық мəні бар деп ойлаймын. Өйткені, Жамбыл облысының əкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланды. «Əдебиет ұлтты тəрбиелеуші басты құрал. Біздің басты міндетіміз – жастарды ұлттық құндылықтар мен салт-дəстүрімізге сай тəрбиелеу» деген Ербол Шырақбайұлының сөзімен Кемел Тоқаев атындағы республикалық байқаудың мақсат-мүддесі де үндесіп жатыр. Байқау мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, кенже қалған жанрды жандандыру, ашылмайтын қылмыстың болмайтынын əдеби тілмен баяндап, ұрлық түбі қорлық екенін ұғындыру. Осылайша, тəртіпке, заңға бағынғанның құл болмайтынын білген, түсінген ұрпақ қана ел болашағын баянды етері хақ», – деді марапаттау шарасы кезінде «ЗАҢ» Медиа-корпорациясының» басшысы Досымбек Өтеғалиев. Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Серік Сəлемовтың айтуынша, детектив шығармалар байқауына есімі берілген Кемел Тоқаев 1948 жылы Жамбыл қаласындағы облыстық «Сталин жолы» газетінде еңбек еткенін əулиеаталықтар мақтанышпен айтады. «Жамбыл облысының еліміздің өнері мен руханиятына қосып отырған үлесі де зор. Биыл өңірімізде «Əулиеата – кітап оқитын өңір» атты жоба қолға алынып, өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру жəне оқырман мəдениетін қалыптастыру аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі іс-шара да осы кітапқа деген құмарлықты ояту мен оқырман қызығушылығын арттырудың айқын көрінісі екені анық, жəне өскелең ұрпақтың рухты əрі қабілетті болып қалыптасуына да күш салады», – деді Серік Жақсылықұлы.

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Биыл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-ке жуық үміткер өз шығармасын жолдады. Ұйымдастырушылар олардың арасынан байқау талабына сай іріктеліп, авторы құпия ұсталған 14 қаламгердің туындысын қазылар алқасының бағалауына ұсынған болатын. ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында байқаудың 2023 жылғы жеңімпазы, жазушы, журналист, «Хабар» агенттігінің басқарушы директоры Серік Əбікенұлы; жазушы, журналист Көсемəлі Сəттібайұлы, Жамбыл облыстық «Ақжол» газетінің редакторы, облыстық мəслихаттың депутаты Оралхан Дəуіт пен «ЗАҢ» Медиа-корпорациясының» директоры Досымбек Өтеғалиев болды. Олардың берген жиынтық бағасының қорытындысы бойынша «Мылқау түн» деп аталатын шығармасы үшін Жетісу облысынан қатысқан Гүлден Жылкелдиева Бас жүлдеге ие болды. Жеңімпазға 1,5 миллион теңге сыйақыны Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Серік Сəлемов табыс етті. Алматы қаласынан қатысқан Айзада Кенжемолдаева «Қиыс жол» деген əңгімесімен бірінші орынды иеленіп, 1 млн теңге сыйақыға қол жеткізді. Екінші орынды «Қармақшы» деген шығармасымен Түркістан облысынан Болай Бердиева мен «Рецепт» деген туындысы үшін Қызылорда облысынан келген Алдажар Əбілов бөлісіп, əрқайсысы 750 мың теңгені құрайтын сыйақымен марапатталды.

Ал үшінші орынды Ақтөбе облысынан Бақыт Жалиева, Алматы қаласынан Мирас Мұқаш пен Астана қаласынан Шернияз Жалғасбекұлы бөлісіп, əрқайсысы көлемі 500 мың теңгені құрайтын сыйақыға ие болды. Ал қазылар шешімімен Қанат Ғұмаров, Мақпал Жаналиева, Жадыра Шамұратова ынталандыру жүлдесін жəне Зияш Телеуова, Алмагүл Серікқалиева, Үйтолған Жарекеева, Əділбек Ыбырайымов Жамбыл облыстық сотының арнайы жүлдесін алды. Жүлдегерлердің жеңісті жолы детектив шеберлеріне жұғысты болғай.

Жамбыл облыстық сотының ұжымына, сондай-ақ сот төрағасы Ербол Ахметжанов мырза бастаған барлық судьяларға шын жүректен алғыс білдіреміз!

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Суреттерді түсірген Ғалия ҚАЛИЕВА

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.