12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Фатима Жүнісова: «Қазір мектепті сынақ алаңына айналдырып жіберді»

*Қазір мектепті сынақ алаңына айналдырып жіберді.
Бұл мүлдем дұрыс емес!
.Кіп-кішкентай балалардың жүйкесі жұқарған. Мұның бәрі шектен тыс жүктеменің арқасы. Ал арқаларына асқан ауыр сөмкені талай рет жаздық.
Немеремнің сөмкелерін өзім көтеріп жүремін. Сөмке ауырлығынан белдері майысып кетеді.
Баланы дамытамыз деп,баланың денсаулығын құрытып,миын ашытып жатырмыз.
Осыны жөнге келтірудің орнына жоғарыдағы ақылдылар былықтырады да жатады.Не деген бітпейтін сынақ???
*Кеше бір ақылды «жыныстық тәрбиені» үшінші сыныптан бастау керек депті.
Сонда өзіне-өзі қол салатын жасөспірімдердің саны азаяды екен-міс.
Бұл деген сандырақ!
Ақылсыз адамның сөзі.
Балаларға ұлттық тәрбие берілмей,балалардың жан-дүниесіне
терең үңімей, ешнәрсе өзгермейді.
Қазіргі балалар бұрынғы біз сияқты емес, интернеттің арқасында өте көп ақпарат қабылдайды. Сосын оның дұрыс,бұрыс екенін бағамдай алмай, жүрегіне,жүйкесіне ауырлық түсіреді. Ата-анасымен ашылып сөйлесе алмайды. Өзінен-өзі оқшауланып, жалғыз қалады. Міне,сондай кезде балаға өте жанашыр адам керек.
*Мен кеше»Әйелдер 55 жастан бастап,өзіне қарап,денсаулығын түзеп,немере бағып үйінде отыруы керек» деп жазып едім. Қолдап жатқандары да баршылық.
Бірақ кейбір замандастарым қолдамаймын,өзің үйде отырасың ба,
өз балаларын өздері бақсын деп жазыпты. Үйде отыру керек дегенімді де дұрыс түсінбей жатқандар бар сияқты.
Үйде отыру дегенде ол төрт қабырғаға қамалып,азаннан-кешке дейін немере бағу емес қой. Отбасында әркімнің өзіне бекітілген жұмысы болу керек. Немере баққан осы екен деп,алба-жұлбаң шығып,бар дүниені ұмытып,өз қатарыңнан,араласатын ортаңнан алыстап кету дұрыс емес.Мұны келіндер де ойлауы керек.Өздері ғана сылаң қақпай,немереге қарап отырған ененің көңілін тауып,денсаулығын қарап, балаларына өзі де көбірек көңіл бөлгені дұрыс.
Әйтпесе қазақта»бір бала- бір кемпірді өлтіріпті» деген сөз бар. Бір баланың өзіне қарау оңай тимейді,шаршатады.
55 жастан бастап әйел үйінде отырса не ұтады? Ол өз балаларына,немерелеріне бұрынғыдан көбірек көңіл бөле бастайды. Өзіне қарауға да көп уақыт табады.Денсаулығына тұрақты түрде қарап,түзейді.Әсіресе немерелерінің бал қызықтарын тамашалап,мерейі өседі,қалаған жағына барып,бірге қыдыра да алады.
Есейіп келе жатқан немерелеріне бас-көз болады,дүниетанымының қалыптасуына оң ықпал жасайды.
Қорыта айтқанда, 55 жас әйелдің нағыз өзіне қарайтын,немерелерін жақсылап тәрбиелейтін шағы.
Бір қолымен бесікті,бір қолымен әлемді тербетіп жүрген Әйел-Аналардың жаны тыныш, көңілі орнында, уайымы жоқ болса,Отбасында бақыт та,ырыс та,
береке де,бірлік те болады.

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...