Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №10 мекемесінде мерекелік іс-шара өтті.
Сотталғандар арасында тәрбиелік және әлеуметтік ықпал ету мақсатында мекемеге әнші Мерей Дарибаев шақырылды.
Жас жұлдыз әйелдер колониясының төрінде көңілге әсер еткен әндерін шырқап, жылы лебізін білдірді.
Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.


