12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Есірткіге тәуелді сотталғандар

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/13 түзеу мекемесі қауіпсіздігі барынша төмен мекеме. Аталған  мекемеде ұстау жағдайы біршама қатаң мекемелерден соттың үкімі бойынша жаза өтеу мерзімінің қалған уақытын қоныс колонияларында өтеу түріне ауыстырылған сотталғандар ұсталады. Мұндай сотталғандар қатарына бас бостандығынан айыру орындарындағы белгіленген тәртіпті бұзбай, мінез-құлқы жағынан оң сипатталған сотталғандар жатады.

Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес мұндағы сотталғандар мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға немесе шаштаразға бару үшін мекемеге iргелес жатқан аумақтың шекарасы шегiнде айына төрт рет сағат 9-00-ден 18.00-ге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұра алады. Сондай-ақ жұмыс істейтін сотталғандар жұмыс күндерінде сағат 08.00 — 20.00 аралығында мекеме аумағынан тыс жерде еңбек етеді.

Жазаларын аталған мекемеде өтеуге ауыстырылған сотталғандар күні бойы жұмыс істеп, мекеме ғимаратына тек кешкі уақытта келетіндіктен, олардың арасында қасақана тәртіп бұзушылар жиі кездеседі. Мысалы 2021 жылдың 1 тоқсанында Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының қаулысымен жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған 2 сотталған қатаң тәртіптегі мекемеге қайтарылды. Жыл басынан бері сотталғандар арасында есірткі заттарын пайдаланудың 2 дерегі тіркелді.

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында мекеме басшылығы мен  жедел бөлімнің қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерімен бірге алдын алу шараларын жиі өткізеді. Жуырда полиция майоры Олжас Шмановпен бірге сотталғандар арасында есірткі және психотропты заттарды пайдаланудың зардаптарына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстың жалғасы ретінде Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері, нарколог Гульчехра Рахманова сотталғандармен «Тәуелділік» тақырыбында кездесу өткізді.

Аталған мекемеде алкогольді ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдаланған және өз еркімен жұмыс орындары мен мекеме аймағын тастап кеткендер де бар. Солардың бірі – Владимир атты сотталған. Ол  денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазіргі таңда ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін  қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден Шығыс Қазақстан облысындағы мекемеге қайтарылды.

Ал адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, тонағаны үшін 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған Арыслан болса жазасын қазір ЛА-155/13 мекемесінің қатаң жағдайында өтеуде.

                                                 Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті

Открытие новых рабочих мест

19 февраля 2024 года в рамках ознакомительной поездки с...

«Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында сотталғандар арасында сайыс өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің...

Заключение брака в местах лишения свободы — не редкость

Во многих исправительных учреждениях браки даже поощряются. Регистрация брака с...

ШҚО-да жазасын өтеп жатқан сотталғандар мүмкіндігі шектеулі адамдарға сыйлық жасады

Өскемен қаласының мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мүмкіндігі...