12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Есірткі құралдарына байланысты қылмыстарды тергеу мен ашудағы сот-сараптаманың маңызы мен рөлі


      Қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күреске бүгінгі таңда ерекше назар аудару арқылы, мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыру баршамыздың басты міндетіміз.

     Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, тасымалдау және сақтаудың ерекше қоғамдық қауіптілігі, осы қылмыстардың пайдакүнемдік мақсатта жасалып, бірінші кезекте халық денсаулығына қарсы бағытталуынан және құқықтық тұрақтылық пен қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық жай күйге кері әсерін тигізетіндігінен көрініс табады.

     Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз айналымға түсіруімен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстардың тікелей обьектісі-халықтың денсаулығы болып табылады. Қылмыстың заты есірткі заттар және психотроптық заттар. Есірткі заттар-адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.

     Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеудің мәні сот сараптамасы, биология, химия және тағы да басқа ғылымдар саласында аталған зерттеу түрінің объектілерінің қасиетін, ерекшелігін, дайындау технологиясын анықтау мақсатында арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын нақты деректер (фактілер мен мән-жайлар) болып табылады.

     Осы зерттеу түрінің объектілері болып есірткі құралдарын қолдан жасау арқылы, сора өсімдігінен (марихуана. гашиш, каннабис смоласы, гашиш майы), көкнәрдан (апиын, көкнәрдің сабағы, сығынды апиын, ацетилденген апиын), эфедрадан (эфедрон) алынған, сондай-ақ бүтіндей өсімдіктер немесе сора, көкнәр, эфедра өсімдіктерінің ұнтақталған бөліктері; заңсыз дайындалған жартылай синтетикалық және синтетикалық есірткі құралдары немесе психотроптық заттар (героин, амфетамин және оның туындылары); құрамында есірткі құралдары немесе психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, зауытта дайындалған немесе дәріхана желісінде дайындалған дәрі-дәрмектер; есірткі құралдары немесе психотроптық заттардың аналогтары; дайындау, алдын ала өлшеп орау, қолдану, сақтау, тасымалдау кезінде пайдаланатын түрлі жеткізгіш-заттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының немесе прекурсорлардың микроқатпарлары; құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың болуы мүмкін деп есептелетін жаратылысы анықталмаған заттар болып табылады.

      Сондай-ақ, осы зерттеу түрінің объектілеріне есірткілерді дайындауға арналған аспаптар мен құрал- жабдықтар; есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың шикізат көзі туралы ақпараты бар қылмыстық іс материалдары, олардың сақталу орындары, дайындалу технологиясы, сондай-ақ оқиға болған жерді тексерудің, дәлелдемелік заттарды алудың хаттамалары жатады.

      Есірткі құралдарының, психтороптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сараптамасы келесі міндеттерді шешеді:

      белгісіз заттардың жаратылысын анықтау және оларды есірткі кұралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтарын мен прекурсорлардың белгілі бір түріне жатқызу;

      жеткізгіш-заттардағы есірткі құралдарын, психотроптық заттар, олардың аналогтарын мен прекурсорлардын іздерін анықтау;

      шикізат, дайындау технологиясы, сақтау талаптары және тағы басқа бойынша зерттелетін объектінің ортақ топтық қатыстылығын анықтау;

      оларды дайындау немесе өндіру орны мен тәсілі бойынша зерттеу объектілерінің ортақ шығу көзін анықтау;

      Есірткі құралдарын қолдан жасау тәсілін, технологиясын және басқа да сипаттамасын анықтау;

      тексерілетін оқиғаға байланысты нысандарың уақытша және кеңістік байланыстарын анықтау.

       Осы сараптаманы жүргізу кезінде келесі сұрақтар шешіледі:

      осы зат есірткі құралы, психотроптық зат, олардың аналогы, прекурсор болып табыла ма;

      осы зат есірткі құралының, психотроптық заттар, прекурсордың қай түріне, тобына жатады;

      зерттеуге ұсынылған есірткі құралы, психотроптық заттың немесе прекурсордың мөлшері қанша;

      жеткізгіш-заттарда есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының іздері бар ма, егер болса, атап айтқанда қандай;

      осы өсімдіктер есірткі құрамдас болып табыла ма және ол қандай түріне (текке) жатады;

      осы есірткі құралы, психотроптық зат зауытта немесе қолдан жасап дайындалған препарат болып табыла ма;

      зерттеуге ұсынылған темекі бұйымдарының (олардың қалдықтарында) құрамында есірткі заттары бар ма, бар болса, қандай;

      осы есірткі құралының немесе психотроптық заттың, олардың аналогы құрамының мөлшері қандай;

      осы есірткі құралының, психотроптық заттың дайындалу технологиясы қандай;

      осы жабдықтар мен оның жеке бөлшектері, химиялық зат қандай есірткі құралы немесе психотроптық заттарды, олардың аналогын дайындағанда қолданылуы мүмкін;

      осы жабдықтар есірткі құралдары, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын дайындау үшін қолданылуы мүмкін бе еді;

      өсіп-өнуінің қай кезеңінде осы есірткіқұрамдас өсімдіктер жиналған;

      осы сора, көкнәр өсімдіктері нақты бір учаскіде өскен бе;

      осы есірткі құралдары бастапқы шикізат бойынша шығу көзі бір ме (сұрыптық тиісілігі, өсіп-өну жері, өсімдікті жинау уақыты);

     дайындалу технологиясы бойынша осы есірткі құралдарының (психотроптық заттардың) шығу көзі бір ме;

      осы есірткі құралдары (психотроптық заттар, прекурсорлар) бірыңғай массада болған ба.

      Объектілерді сараптамалық зерттеуге ұсынуды ең қысқа мерзімде жүзеге асыруы керек, өйткені есірткілерді құрайтын көптеген органикалық заттар тұрақсыз болады және олар сақтау нәтижесінде елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Өсімдік тектес есірткі құралдарының көп мөлшерін (көлемдерін) сараптамаға алған кезде, мөлшері 10-20 г болатын 4-5 үлгісін жіберу ұсынылады. Үлгілерді әр тереңдіктен, әр жерден — әрбір бұрыштан және ортасынан жинап алу керек. Сусымалы түрдегі үлгілер әр орамадан 5-10 грамнан төртке бөлу әдісімен (орталанған сынама) жинап алынады. Объектілердің сұйық түрін алдын ала шайқап араластырып, 20-50 мл мөлшеріндегі орташа сынаманы жеке ыдысқа құяды.

     Есірткі заттарының дайындалу тәсілі туралы сұрақты шешу үшін заттармен бірге (пресс-формалар, елеуіш, пышақтар, тырнауыштар таразылар) оларды дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін заттарды да (аспаптар, құралдар) жіберу керек.

      Ұсталған адамдардың есірткілерді қолдан жасау, сақтау немесе тасымалдау кезінде пайдаланған заттары, саймандары, құрал-жабдықтары, сондай-ақ киімдері мен басқа да заттары есірткіқұрамдас өсімдіктердің микробөлшектерінің немесе жұғындылар түріндегі есірткі құралдары қалдықтарының бар/жоқтығына зерттеу жүргізіледі.

      Объектілерді тасымалдау кезінде олар өзінің қасиеттері мен нысандарын жоғалтпайтындай етіп буып-түю, сондай-ақ олардың жасандылығын болдырмау қажет.

      Сұйық заттар тығыз тығыны бар немесе аузы сүргіш, балауыз, парафин қақпақпен құйылып жабылатын шыны ыдысқа құйылады. Қатты және сусымалы заттарды буып-түю үшін полиэтилен пакеттері, қатты қағаздан жасалған конверттер, сондай-ақ объектілердің сақталуын қамтамасыз ететін өзге де ыдыстар қолданылады.

      Өсімдік массасы бүлінбес үшін алдын ала кептіріледі. Жаңадан жұлынған өсімдіктер кептіріліп немесе 6-8 сағаттың ішінде қағазға оралған күйінде зерттеуге жеткізіледі. Смоласы бар заттар (каннабис смоласы, апиын) қағазбен түйіспеу керек. Орамасыз алынған таблеткалар мен капсулалар мақтаға оралып, оқшауланып жабылған контейнерге салынады.

      Полиэтилен пакеттер түріндегі орама жіппен тігілуі қажет, аяқ жақтарына қағаз бирка жабыстырылады; Буып-түйілгеннен кейін әрбір объект маркіленіп, контейнердің немесе ораманың бетіне таңба салыну керек.      Дәрілік заттардың стандартты (эталлондық) үлгілері сараптама тағайындаған органмен (тұлға) арқылы жеткізіледі.

     Сот-сараптама қызметі туралы заңның 24-бабына сәйкес, зерттеуге ұсынылған обьектілердің сақталуын қамтамасыз ету сарапшының міндеті.

    Жүргізілген сараптама бойынша көрінеу жалған қорытынды бергені үшін  Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 420 бабы бойынша көзделген қылмыстық жауапқа тартылатынын сарапшыға ескертіледі.

    Есірткі құралдарына байланысты қылмыстарды тергеу мен ашуда сарапшының қорытындысы дәлелдеменің басты негіздерінің бірі болып табылады.

Бекмаш Таңшолпан Бақытжанқызы

Түркістан облысы бойынша

Сот сараптамалары институтының

аға сарапшысы

Ключевой инструмент стабильности

Казахстан наращивает темпы военного взаимодействия с ключевыми международными партнерами....

О друге, наставнике, учителе

Каждый из нас находит вдохновение в других людях, в...

Қазақтың рухани мұрасы – халқымыздың мәдени қазынасы

2025 жылы қазақтың ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының...

Абай – қазақ халқының ұлы тұлғасы

Абай Құнанбайұлының180 жылдығына орай мақала жазу – бұл қазақ...

«Адал азамат» мемлекетік қызметшілердің кәсіби тұлғалық болмысы дәрісіөткізілді

2025 жылғы 24 сәурінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері...