12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Есептегі азаматтармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді

Сырдария аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарды қоғамда өзін шет сезінбей қалыптасуы үшін, өмірге деген құлшынысын арттырып, жігерлендіру мақсатында пробация қызметкерлері ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бүгін аудандық прокуратурасының прокуроры С.Қосқан, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны А.Сақыбеков және Сырдария АПБ-нің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторларымен бірге Тереңөзек кентінде тұратын сотталғандардың тұрғылықты мекенжайын аралады. Тексеру барысында сотталғандарға жаза өтеу тәртіптері мен міндеттері, әлеуметтік-құқықтық көмектер бойынша және қайта қылмыс жасаудың алдын алу бағытында профилактикалық және тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізіп, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 45 сотталған есепте тұр. Бұл азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек түрлерімен бірге  Жастар ресустық орталығының мамандарымен бірлесіп, түрлі тренингтер өткіземіз. Алдағы уақытта да есептегі азаматтарды қоғамдағы әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстар жалғасын табатын болады»- деді әділет капитаны  Асылжан Сақыбеков

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...