Есептегі азаматтар арасында дойбы, шахматтан жарыс өтті

Қызылорда қаласындағы пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында дойбыдан, шахматтан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты пробация есебіндегі сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

«Жігер» мүгедектер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген шараға пробация есебіндегі 20 сотталған қатысты. Шаршы тақтада өз бақтарын сынаған сотталғандар жоғары дайындықпен келгендіктерін көрсетті.

Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтар табысталды.

«Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Мәдени- спорттық шараларға жиі қатысып тұрамын. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. Жарыс қорытындысымен жеңімпаз атандым,ақшалай сыйлық алдым, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...