6-шы маусым 2024 жылы Алматы қаласы Алатау, Жетысу, Ауэзов, Бостандық аудандық пробация қызметкерлері, ПҚБ-нің есебінде тұрған кәмілетке толмағандар арасында «Психологиялық тренинг» жүргізілді.
Есепте тұрған кәмелетке толмағандар арасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жандандырып, эстетикалық тәрбие беру және этикалық нормалар дағдыларын дамыту мақсатында жеке сұхбат жүргізілді. «Іштегі ашуды шығару», «Адам өз өмірінің суретшісі» тақырыптарына булингке арналған тренинг өткізіліп, шахмат ойынындары ұйымдастырылды.
Ойын барысында өзіндерін еркін ұстап, ойынға деген кызғушылық танытты.
Алматы қаласы Алатау ауданы
ПҚБ инспектор психологы әділет лейтенанты Ж.Тілеу


