ЕС-164/3 мекемесінде үздік жасақ бастығы таңдалды

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері арасында «Үздік жасақ бастығы» атағына байқау өтті.  Барлығы 5 жасақ бастығы қатысты.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін және эмблемасын ұсынуы керек еді. Екінші кезеңде қатысушылар жасақ буынындағы тәрбие жұмысының жаңа әдістері, сотталғандармен сабақ өткізу туралы бейнероликтер дайындады. Байқаудың үшінші кезеңінде қатысушылар Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті, сондай-ақ практикалық қызметтен ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Жасақ бастығының құжаттарын жүргізу, журналдарды толтыру тәртібі мен уақтылығы конкурстың соңғы төртінші кезеңінде ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға СҚО ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы әділет майоры Санат Қазбеков, екінші орынға әділет майоры Болатұлы Қуандық, үшінші орынға әділет аға лейтенанты Азамат Құсымбаев ие болды. 

Жеңімпаз мекеме намысын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті базасында өтетін облыстық байқауда қорғайтын болады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Евгения Клепикова,

СҚО бойынша ҚАЖД әділет майоры

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...