«ЕС-164/3 мекемесі» РММ аумағына тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан азаматтарға қатысты бес материал сотқа жіберілді

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері сирек емес.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеп жатқан ҚАЖ мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарды, олар тұрып жатқан үй-жайларды тінтуге, заттарын тексеріп қарауға, сондай-ақ мекеме аумағына келетін көлік құралдарын тексеруге, тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға құқылы болып табылады.
2022 жылдың 7 айы ішінде СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/3 мекемесі» РММ тексеру тобының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты бес материал жасап, мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді. Жалпы сомасы 16700 теңге болатын ақша қаражатын және бір ұялы телефонды алып өту әрекеттері анықталды. Бұл азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және тиісінше әкімшілік жазаға тартылды.

Тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеттерінің жолын кесу мақсатында мекеменің режимдік аумағында тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі. Сотталғандарға және олардың туыстарына тыйым салынған заттарды алып өткені және бергені үшін жауапкершілік туралы ескертіледі. Берілетін сәлемдемелер мен бандерольдерді, сондай-ақ сотталғандармен кездесуге келген адамдарды мұқият тексеру ұйымдастырылады. Күту бөлмелерінде мекемелерге тыйым салынған заттарды әкелуге тырысқан адамдар туралы көрнекі ақпарат және әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік шаралары көрсетілген. Сотталғандардан пайдалануға тыйым салынған заттар алынған жағдайда сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдырылуға жатады не жойылады.
Айта кетейік, «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-де тыйым салынған заттарды алып өтуге жол бермеу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар кешені өткізіледі.

ҚАЖД «ЕС-164/3 мекемесі» РММ
режим бөлімінің аға жедел уәкілі
әділет капитаны Е. Иванов

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...