12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ертегі жазудың шебері 15 жасар Рәзия Ақпар!

Рәзия Ақпардың есімі соңғы жылдары ертегі, балалар шығармашылығына қатысты жиі айтылып жүр. Қатарластарына арнап ертегі жазып, балалардың жан дүниесіне жазған шығармашылығы арқылы ықпал етуге тырысып жүрген жас жазушының аяқ алысы көңіл қуантады. Үш жыл бұрын 12 жасында «Ертегі әлеміндегі ханшайым» атты алғашқы кітабын да шығарып үлгерді. Осыған дейін «Ер Төстік» республикалық әдеби байқауының жүлдегері атанып, Б.Момышұлы атындағы «Шапағат» медалінің иегері, «Ауыл хикаялары» тақырыбы аясында көркем шығарма жазудан өткен «Оралхан Бөкей атындағы республикалық әдеби байқауының» жеңімпазы да болған оның ертегілері болашағынан зор үміт күттіреді. Бала әлемін баладан артық кім жетік бере алады дейсің… Сондықтан ертегі әлеміндегі ханшайым атанып кеткен Рәзияның ертегілері балалар арасында зор сұранысқа ие.

Су перісінің оқиғасы

       Су асты — біз біле бермейтін тылсым әлем. Ол жақта да тіршілік бар. Тіршілік болған соң әртүрлі тағдыр, әртүрлі мінез, әртүрлі әдет болады. Ендеше бұл ертегі сол әлемнің өкілі — су перісінің бір күні хақында екен.

      Су перілері теңіз тереңінде өмір сүреді. Бұлардың бар екенін жер бетіндегілер топшылағанмен, нақты мекенін ешкім білмейді.  Дене тұрқы жартылай адамға, төмен жағы балыққа ұқсайды. Терілері қабықша ақшыл, қолдары өте ұзын. Суда керемет жүзеді.

    Олар да адамдар сияқты ойнайды, оқиды, отбасы құрады, жұмыс істеп, тамақ табады, үй алады, зейнетке шығады. Әрқайсында сезімдер, эмоциялар және таланттар бар. Мінездері де қызық.

     Жамал да осы елдің тұрғыны. Ол ұзын бойлы, бозғылт терілі,  көк көзді, әсіресе теңіз балдыры түстес  шашы ерекше.

Қырық алты жаста болғанмен мүлдем жалғыз тұратын. Кезінде өз отбасын құра алмады, өзін толығымен жұмысқа арнаған. Орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеп, баршаға ұрысқақ  мінезді әйел ретінде танымал еді.

       Сол күні де Жамал әдеттегідей таңертең өте ерте тұрды. Жуынып, киініп, тамақтанып, аулаға шықты. Аулада шулап ойнап жүрген екі кішкентай баланы көріп, оларды қасына шақырды:

-Неге сонша шу шығарып тұрсыңдар! Сыртта таң атты! Басқа су перілерін мазалауға болмайды!

Балалар артқа бұрылып, аулаға қарады.

-Бірақ мұнда ешкім жоқ. Біз ешкімді мазаламай, ойнап жүрміз.

-Сендер маған кедергі жасап тұрсыңдар! Тез үйлеріңе барып ата-ананың қасында отырыңдар!

Балалар қатты қорқып, үйлеріне тез қаша жөнелді.

   Біраз жүргеннен кейін көше тазалаушыны байқады.

Жамал:

— Саған айлықты не үшін төлейді? Бұл жер тым лас! Жұмысыңды дұрыс істе, дұрыс тазала!

  Тазалаушы үндемей, жұмысын жалғастыруды шешті.

— Мен кіммен сөйлесіп тұрмын?!

Қатты ашуланған Жамал қалшылдап кетті.

    Бірнеше минуттан кейін қоғамдық көлікке отырып еді, мектепке бара жатқан үш оқушыны көреді. Көліктің ортасына келіп, оларға ұрыса бастайды:

— Қазіргі жастар не боп бара жатыр? Олар үлкендермен сәлемдеспейді және қоғамдық көліктегі орындарын да босатпайды!

— Кешіріңіз, бірақ сіз жаңа ғана кірдіңіз, мұнда басқа да бос орындар көп.

— Жоқ! Мен осында отырғым келеді! Маған осы орын ғана ұнайды!

Оқушылар жауап бергісі келмей, оған орындарын үнсіз босатып берді. Содан соң Жамалдан алыстап, бүгінгі күндік жоспарлары туралы сөйлесе бастады.

Ашуы басылмаған Жамал:

— Мүмкін сөйлесуді тоқтатарсыңдар! Мұндағы адамдар тыныштықты қалайды! Содан кейін басқа жерде бүгінгі күндерің туралы сөйлейсіңдер!

   Ақыры Жамал мектепке де жетті. Мектепке кірді де, бірден тұрған оқушыға тиісті:

— Неге ерте келдің? Сенің ісің жоқ па? Мен сендейлерді түсінбеймін. Дәлізден тез кет!

  Оқушы қорқып, тез жүгіріп далаға шығып, Жамалды жалғыз қалдырды.

   Сабақ басталды. Жамал шәкірттеріне жаңа тақырыпты түсіндіріп жатқанда кенеттен есік қағылды.

-Кешіріңіз, сәл кешігіп қалдым. Мен кіре аламын ба?

— Қайда бара жатырсың? Сен неге кешіктің?

— Кешіріңіз, мен…

— Маған бәрібір! Сен жай ғана жауапсыз оқушысың! Мен сені сабағыма кіргізбеймін! Сен кешігіп мені ашуландырдың, сондықтан мен сені бүгін де, ертең де кіргізбеймін! Қалаған жеріңе бар! Маған бәрібір!

Оқушы дауласпауды шешіп, есікті жапты.

    Бірнеше сабақты өткізіп, Жамал мектеп асханасына кірді. Екі  оқушының алаңсыз тамақтанып отырғанын көрді. Оларға жақындап:

— Неге мұнда тамақтанып жатырсыңдар! Мұнда қоқыс тастаудың қажеті жоқ! Сендер бұл мектепті тазаламайсыңдар! Негізі, оқушылардың мектепте ештеңе жемегені дұрыс. Мұнда не жеуге келдіңдер ме? Әлде оқуға ма?

— Бірақ біз шынымен тамақтанғымыз келді, ал асханада тамақ ішпегенде не істейміз?

— Маған қарсы шықпа! Менімен бұлай сөйлесуге хақың жоқ! Қарсы сөз тағы естісем, екеуіңді де директорға апарамын!

Әрі қарай жүріп келе жатып, тағы бірнеше оқушыға ұрысып үлгерді. Ұзын сырғасы үшін бір қызға, галстукті ұмытып кеткен бір балаға, жүгіріп, шулаған бастауыш сынып оқушыларына да тиісті.

   Кешке су перісі үйіне оралды. Ол ішке кіріп, тыныш әрі бос бөлмесіне қарады. Бөлменің ортасында тұрған тасқа отырып, жылай бастайды. Жамал қатты жалғызсырағанын сезді. Достары да, отбасы да жоқ.

Жалғыздығының себебін түсінбеді.

     Осы кезде алдынан жұмсақ нұр пайда болып, одан ежелгі теңіз рухы шықты. Су перісі ыңғайсызданып қалды, рух көтеріліп, оның жанына отырды.

— Мен сені жақсы білемін, сені қинайтын мәселеңді де білемін.

— Шын ба? Айтшы маған не болды? Мен неге жалғызбын?

— Сен шынымен себебін түсінбейсің бе?

Су перісі басын шайқады.

— Сен үнемі балағаттап, басқалардың көңіл-күйін бұзасың, айналаңда жағымсыз атмосфера жасайсың. Сондықтан басқалар сенімен барлық қарым-қатынасын үзіп, аулақ болуға тырысады.

— Менің жай ғана көңіл-күйім нашар болған шығар.

— Бәрі шаршайды, бәрі қиыншылыққа ұшырайды және бәрінің көңіл-күйі нашар болуы мүмкін. Бірақ неліктен сенің көңіл-күйің нашар болса, оны басқаларға да таратуың керек?

— Олар өздері бұған кінәлі!

— Басқалардың сен қалағандай болуы міндетті емес. Саған ұнамайтындарды өзгерте алмайсың. Сондықтан өз эмоцияларың мен мінез-құлқыңды бақылауды бастауың керек.

Жамал ойланып қалады.

— Түптеп келгенде, егер сен басқаларға деген көзқарасыңды өзгертпесең, басқалар сені елемейді, сөздеріңе немқұрайлы қарап, аулақ болуға тырысады.

— Жақсы. Мен басқаларға деген көзқарасымды өзгертуге тырысамын.

  Сиқырлы рух жоғалып, су перісін толығымен жалғыз қалдырды.

    Осы оқиға болған күннен кейін  кейіпкеріміз ұзақ уақыт бойы өзгерді. Басқаларға деген көзқарасын жақсартып, мейірімді және жанашыр болуға тырысты. Әрине, бұл үшін өзін күнде тұрақты түрде тәрбиелеуге тура келді. Нәтижесінде жаңа достар мен көптеген жаңа таныстар тапты. Жалғыздықтан құтылды.

        Өмірлік сабақ болған сол күннен кейін Жамал әлі де өзін тәрбиелеу жұмысын тоқтатпаған деседі.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....