12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ерлікке мәңгі ескерткіш: Таласта тарихи нысан орнатылды

Жеңістің 80 жылдығы – халқымыз үшін айрықша маңызға ие тарихи кезең. Талас ауылындағы Соғыс ардагерлерінің ұрпақтары ұйымдасып, соғыс ардагерлеріне арнап арнайы ескерткіш орнату туралы шешім қабылдады.  Бүгінде орнатылған тастұғырда азамат соғыс ардагерлерінің есімдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдері қашалып жазылған. Ескерткіштің биіктігі 4 метр, тұғырының ұзындығы 24 метр, ені 8 метрді құрайды. Арнайы жарықтандыру жұмыстары да жүргізілуде. Халық жадына айналар ескерткіштің құрылысы бір айға жуық уақыт ішінде қарқынды жүргізілді. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай нысанның салтанатты ашылуы өтті.

Ескерткіште соғыстан аман қайтқан 41 ардагердің есімі, соғыста қаза тапқан 63 ардагердің есімі, саяси қуғын-сүргінге құрбан болған 11 ардагердің есімі және 311 тыл ардагерінің есімі жазылған.

Құрылыс жұмыстарына басшылық етіп жүрген Нүсіпжанов Бағлан Естеуұлының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Қорды жинау жұмыстарына жауапты Мұратбеков Жарқын Тоқтасынұлы болса, жалпы бақылауды қолға алған Молдағожаев Бекбосын Бектұрұлы. Ал, аталмыш сипаттағы ескерткіш орнату идеясын ұсынған Құдабаев Теміржан Әкімбайұлы мен Құдабаев Бағжан Әкімбайұлы. Тыл ардагерлерінің тізімін жинаумен айналысқан Құдайбергенов Ринат Мұқанұлы және тасқа жазу жұмысын өз жауапкершілігіне алған Тоқбергенов Сырым Рахатұлы. Жеке демеушілік көрсетіп ескерткіштің жарықтандыру жұмыстарына көмек қолын созған жеке демеуші – Кәкежанов Марғұлан Дүйсенұлы. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылып, оған қоғам белсенділері мен ауыл азаматтары тартылды. Комиссия құрамына ауыл тұрғындарынан Молдағожаев Бекбосын Бектұрұлы, Өмекеев Маулен Кайшыбекұлы, Құдабаев Алтай Әкімбайұлы, Нүсіпжанов Бағлан Естеуұлы, Мұратбеков Жарқын Тоқтасынұлы, Шәкір Думан Дәуленұлы,  Кәкішова Гүлнара Қайырбекқызы, қала тарапынан Құдабаев Бағжан Әкімбайұлы, Сейдалиев Ленс Амангелдіұлы, Байғазин Айдар Гербұлы Тоқбергенов, Сырым Рахатұлы Құдайбергенов, Ринат Мұқанұлы Кәкежанов Марғұлан Дүйсенұлы Әлімбеков, Ерлан Жанарбекұлы сынды азаматтар атсалысты. Комиссия мүшелері өз саласы бойынша тыңғылықты жұмыс атқарып, ел жадында қалатын ескерткіш жобасын жүзеге асыруға бір кісідей жұмылды.

Мұндай жұмыстар – ел тарихына, ел ерлеріне деген құрметтің көрінісі. Батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ескерткіш – өткеннің ізі, болашақтың іргетасы. Өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен елжандылықты насихаттау жолындағы мұндай шаралар қоғам үшін аса құнды.

В Семее осужденные изготовили макет Байтерека своими руками

Байтерек - главный символ столицы Казахстана. Так, в день...

№64 мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64...

Сотталғандарға амнистияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық мекемелерінде сотталғандарға...

ШЕТЕЛ МЕН АУЫЛ АРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ҒАЛЫМ

Ауыл – қазақтың күретамыры. Тәуелсіздіктің алғашқы қиын кезеңдерінде тоқырауға...