12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу ерекшеліктері

           Азаматтық процестік кодексі азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу мәселелерін анықтайды. Тиісінше, егер ерлі-зайыптылар (бұрынғы ерлі-зайыптылар) мүлікті бөлу туралы келісімге келе алмаса, онда даулар медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен шешіледі.

           Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (әрі қарай — Кодекс) 37-бабына сәйкес, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.

           Бұл норма бөлу нұсқаларын, оның ішінде ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша қарастырады. Ортақ мүлікті бөлу туралы мұндай шарт жай жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариалды куәландыруға жатады.

           Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мүлікті бөлудің үш нұсқасы бар:

  1. тараптардың келісімі бойынша,
  2. медиация тәртібінде,
  3. сотта.

Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiктің берiлуге жататынын айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiледі.

Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм, мектеп және спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды және балалары өзімен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.

           Ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.

           Iстi қараған мезгілде ерлi-зайыптылардың иелiгiнде болған немесе үшiншi тұлғада болған ортақ мүлiктерi бөлуге жататын мүлiктердiң құрамына кiредi. Егер сот ерлi-зайыптылардың бiрi ортақ мүлiктi иелiктен шығарғанын немесе өз қалауы бойынша, жұбайының қарсылығына және отбасының мүддесiне қарамастан сатып жiбергенiн немесе мүлiктi жасырғанын анықтаса, онда бөлу кезiнде бұл мүлiк немесе оның құны есепке алынады. Сол сияқты ерлi-зайыптылардың ортақ қарызы (Кодекстің 38-бабының 3-тармағы) және отбасы мүддесiнен туындаған мiндеттемелер жөнiндегi талаптар құқығы ескеріледi.

           Сонымен қатар, некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыру кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне, бiрақ некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырғанға дейiн тиесiлi болған, жеке қаражатына сатып алынған, сыйға тартылған, мұраға немесе өзге ақысыз мәмілелер бойынша алынған мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен бiрiнiң жеке басына пайдалануға сатып алынған заттар, қымбат бағалы және басқа асыл заттардан басқалары Кодекстің 35-бабына сәйкес ортақ меншiк болып саналмайды және бөлуге жатпайды.

      Егер отбасылық қарым-қатынас және ортақ шаруашылықты жүргiзу нақты тоқтатылғаннан кейiн жұбайлар бiрлесiп мүлiк сатып алмаған болса, сот Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес олардың ортақ шаруашылықты жүргiзу уақытына дейiнгi ортақ меншiгi болып келген мүлiктердi ғана бөле алады.

           Бөлінуге жататын мүліктің құны тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, мұндай келісім болмаған жағдайда оны сот сарапшысының қорытындысы негізінде сот анықтайды.

           Мысалы, некеде тұрған кезінде ерлі-зайыптылар екі жеңіл автокөлік алған, сәйкесінші олар ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылады. Дауды қарау кезінде жұбайында бір ғана автокөлік тіркелген, ал екінші көлікті әйелінің рұқсатынсыз өз кәдесіне жараттты. Осыған байланысты мүлікті бөлу кезінде сатылған автокөлікті ескеру қажет. Талап қоюшының пайдасына автокөліктің ½ үлесі үшін оның нарықтық құнына қарай ақшалай түрде өтемақы өндіру қажет.

Егер заңмен белгiленген ортақ меншiктiң тәртiбi неке (ерлі-зайыптылық) шартымен өзгертiлсе, онда сот ерлi-зайыптылардың мүлкiн бөлу туралы дауларды шешкен кезде осындай шарт талаптарын басшылыққа алуы тиiс. Мұндайда ерлi-зайыптылар арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) шарты Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес тап осы өндiрiсте жұбайлардың бiрiнiң талабы бойынша, егер шарт талаптары жұбайлардың бiрiн өте қолайсыз жағдайда қалдыратын немесе осы некеде (ерлі-зайыптылықта) туылған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзатын болса, толық немесе iшiнара заңсыз болып танылуы мүмкiн.

           Бөлінетін мүліктің құрамын, оның құнын және беру шарттарын (заттай немесе ақшалай түрде) өздері белгілеген кезде тараптар үшін ең қолайлысы мүлікті өзара келісім бойынша бөлу болып табылады.

Жамбыл облысы кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы 

Замира Шәріпқызы Смағұлова

    «Ұлттық ойындар»  авторлық бағдарламасының  берері не?

Мазмұны бойынша барлық халық ойындары балаларға қол жетімді. Олар...

”МИГРАНТ” профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

02.05.2024 жылы Түрксіб станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі...

Рейдовые мероприятия провели среди сотрудников ДУИС Астаны

Сотрудниками Группы собственной безопасности совместно с сотрудниками Отдела воспитательной...

Строевой смотр проведен среди личного состава ДУИС Астаны

В ДУИС Астаны среди личного состава проведен строевой смотр....