12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ерлі-зайыптыларды татуластыруға алты ай уақыт беріледі

Некені бұзу тәртібі ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңымен белгіленген. Соған орай айтар болсақ,  елімізде неке азаматтардың хал актілерін тіркеу органы және сот арқылы бұзылады. Ерлі-зайыптының біреуінің ажырасудан бас тартуы сотқа жүгінуге негіз болады. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап арыз Азаматтық процестік кодекстің 148-бабының талабына сай келуі тиiс.

 Егер екеуі бірдей ажырасуға келіскен, орталарында кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ, бір-біріне мүліктік және басқа да талаптары жоқ жағдайларда, сонымен қатар, екеуінің бірі қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылған кезде неке АХАЖ бөлімдері арқылы тоқтатылады.  

Ал кәмелеттік жасқа жетпеген балалары, араларында мүліктік және басқа да шағымдары бар, ерлі-зайыптының бірі ажырасуға келісім бермеген, т.б. заңмен белгіленген жағдайларда сот арқылы ажырасады. 

Жоғарыда аталған кодекстің талабына сәйкес, некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүлікті бөлу, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар медиация немесе сот тәртібімен қаралады.       

Егер ерлі-зайыптының бірі некені бұзуға қарсылық танытса сотта оларды татуластыру шаралары қолданылады. Бұл үшін ерлі-зайыптылардың жарасуына алты ай уақыт беріліп, істі қарау кейінге қалдырылады. Мұндай жағдайда сотта ерлі-зайыптының бірінің талап-арызы бойынша осы кодекстің 22-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәселелер шешіледі. Оларды туластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса біреуінің талабымен неке бұзылады. 

ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңының 21-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың ажырасуға өзара келісімі болған, бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймаған кезде сотта ажырасудың себептері анықталмастан неке бұзылуы мүмкін.

Некені бұзу туралы шешім шығару кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы, ортақ мүлікті бөлу,  ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау, балаларды немесе еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп-бағуға қаражат төлеу туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. 

Арада мұндай келісім болмаған, сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатын жағдайда сот кәмелетке толмаған балалардыңата-анасының қайсысымен тұратындығын, ата-ананың қайсысы қандай мөлшерде балаларды күтіп-бағуға алимент төлейтінін айқындайды.  Бұған қоса сот кәмелетке толмаған балалар мен ерлі-зайыптылардың мүдделерін ескере отырып, олардың талабының негізінде бірлескен ортақ мүлікті бөлуге, жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуімен  қаражат мөлшерін айқындауға, ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін анықтауға міндетті.

 Баламен араласу тәртібін айқындау кезінде ата-ананың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі, сондай-ақ, баланың заңды мүдделері ескеріледі. Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамныңмүддесін қозғаса, сот мүлікті бөлу туралы жеке іс жүргізуді талап етуге құқылы.

Азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылуы мемлекеттік тіркелген күннен, ал сотта соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. 

Ел заңдарында балалар мен аналар құқықтарының қорғалуы жан-жақты қарастырылған. Осыған байланысты, жүктілік кезінде және бала бір жасқа толғанша әйелдің келісімінсіз некені бұзу туралы талап қанағаттандырылмайды. 

Неке сот арқылы бұзылған кезде ол туралы куәлік алу үшін АХАЖ-қа жүгінудің қажеті жоқ, себебі, тіркеу процедурасы автоматтандырылған.  

«Отбасы – шағын мемлекет» деген теңеу бекер айтылмаған. Бұл тұрғыда еліміздің, балалардың жарқын болашағы үшін әрбір ата-анаға отбасын сақтауда үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Алма Абдухалықова,

Түрксіб аудандық сотының судьясыАлматы қаласы

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...

Алаяқтың арбауына түспеңіз!

Қаржы алаяқтарының айла-амалдары күн өткен сайын күрделеніп барады. Олар...

Талап қоюдың тәртібі

Ел Президенті өзінің халыққа арнаған әрбір жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, сот...

Тәуелсіз елдің тарихи бастауы

БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. БҰЛ АЗ УАҚЫТ...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Халқымыз үшін аса қастерлі мереке саналатын Конституция күнінің өмірімізде...