Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды

Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттар палата вице-спикері Павел Казанцев ұсынған Мәжіліс cпикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Фракция жетекшісі Ерлан Қошанов депутаттарға көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс білдіріп, 2022 жылы 28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде ел Президенті, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру аясында фракция жұмысын қайта жүктеу басымдықтарын белгіледі.

Өз сөзінде Ерлан Қошанов фракция президент реформаларын жүргізу үшін партияның тиімділігін арттыруға ықпал етіп, Nur Otan трансформациясына белсенді түрде қосылуы тиіс екенін айтты.

Жиналыс барысында мәжілісмендер жаңа міндеттерді ескеріп, фракцияның сапалық құрамына өзгерістер енгізді. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция басшысының орынбасары және президиум мүшесі болып сайланса, мәжілісмендер Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция президиумы құрамына кірді.

Спикер праймеризден өткен, қоғамда үлкен беделге ие, үлкен кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар депутаттар азаматтармен олардың сұраныстарының мәнін түсініп, диалог құруы керек екенін айтты. Бұл алдын-ала жұмыс істеуге және мәселелерді алдын-ала тексеруге мүмкіндік береді.

Фракция алдында тұрған жаңа міндеттерді ескеріп, Мәжіліс Төрағасы заң шығару қызметінің сапасын арттыруды, депутаттық сауалдардың өзекті болуын, өңірлердегі талдау және жұмыс мәселелері бойынша партияның орталық аппаратымен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Фракция депутаттары ақпараттық жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік желілерге ерекше назар аударуы керек.

Мәжіліс спикері фракция мүшелері алдына депутаттардың биыл ақпанда өңірлерге шығуына байланысты бірқатар міндет қойды. Мәжіліс төрағасы алдағы жұмыстың маңыздылығын айтып, тұрғындармен кездесулер нақты мәселелерді талқылау мақсатында тікелей форматта өтуі тиіс екенін еске салды. Халықпен, оның ішінде шалғай ауылдарда да кездесу өткізу қажет. Жастарға ерекше көңіл бөлу керек екені айтылды. Сапар барысында қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесулер, сондай-ақ, партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау өткізу қажет.

Фракция жиналысына Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысқаны белгілі болды.

МОНИТОРИНГ ЭНЕРГООБЪЕКТОВ

В Казахстане продолжается цифровая модернизация энергетической отрасли. В рамках Года...

Медиамост для миллионов: как казахстанский стартап DARHAN RADIO объединил Центральную Азию и её глобальную диаспору

Цифровые границы стираются быстрее, чем географические. Казахстанский проект DARHAN...

ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ СФЕРЫ, РЕАЛИЗАЦИИ НОВЫХ ИНИЦИАТИВ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ В ХОДЕ СОВМЕСТНОЙ ВСТРЕЧИ МИНИСТРА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА АЙДАРБЕКА САПАРОВА И АКИМА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ МАРАТА СУЛТАНГАЗИЕВА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА, СЕЛЬХОЗФОРМИРОВАНИЙ, ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ, АКИМАТОВ И ФИНАНСОВЫХ ИНСТИТУТОВ РЕГИОНА. Следует отметить, что Алматинская область занимает...

« ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026»

С 29 ИЮЛЯ ПО 9 АВГУСТА 2026 ГОДА СТОЛИЦА КАЗАХСТАНА ВПЕРВЫЕ СТАНЕТ ЭПИЦЕНТРОМ МИРОВОГО СПОРТА И КИБЕРСПОРТА. В ЭТИ ДНИ В АСТАНЕ ПРОЙДЕТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ МУЛЬТИСПОРТИВНЫЙ ТУРНИР «ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026» (GOTF...

АСПЕКТЫ РАЗВИТИЯ АПК

В АСТАНЕ ПРЕЗЕНТОВАНЫ ТРИ СТРАТЕГИЧЕСКИХ ПРОЕКТА, КОТОРЫЕ ПРЕДСТАВИЛИ ВИЦЕ-МИНИСТР СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА ЕРМЕК КЕНЖЕХАНУЛЫ И РЕГИОНАЛЬНЫЙ ПРЕДСТАВИТЕЛЬ ПРОДОВОЛЬСТВЕННОЙ И СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ОРГАНИЗАЦИИ ООН...