Ерлан Қошанов: Биыл 100 заң қабылданды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар биыл 100 заң қабылдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы жыл Парламент Мәжілісі үшін де жемісті болды. Біз Мемлекет басшысының Жолдауларында, Сайлауалды бағдарламасында, Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмалары негізінде бірқатар маңызды заңнамалық актілерді қабылдадық. Биыл 100 заң қабылданды, оның 24-не депутаттар бастамашы болды, — деді ол.

Сондай-ақ еліміздің негізгі құжаттары – Су, Бюджет, Салық, Құрылыс және Цифрлық кодекстер бойынша жұмыс аяқталды. Олардың әрқайсысы қоғамда қызу талқыланды.

Жекелеген нормалар Парламент қабырғасында, сарапшылар қоғамдастығында жан-жақты пікірталас тудырды, тіпті сын да айтылды. Осы істің нәтижесі ретінде елдің ұзақ мерзімді мүдделеріне қызмет ететін шешімдер қабылданып, Парламенттің ашық әрі тиімді жұмыс істегенін атап өтуге болады. Негізгі кодекстер бойынша жұмысты аяқтап, біз болашақтың іргесін қалайтын заңнамаға көштік, — деп айтты Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

«Жасанды интеллект туралы» жаңа Заң қабылданды.

Қазақстан Еуропалық Одақтан кейін осы салада жеке, арнайы заңы бар екінші юрисдикцияға айналды.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.