12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еріктілер кеңесі мүшелері сейсмикалық жаттығуларды ұйымдастыруға қатысты

Жер сілкінісі кенеттен болады. Өкінішке орай, Ғылым оны алдын ала болжай алмайды. Сондықтан іс-әрекет тәртібін алдын-ала ойластыру қажет.

Бүгін Алматы қаласының аудандарында сейсмикалық жаттығулар өткізілді.

Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру.

Атап айтқанда, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі, уәкілетті органдар мен Алматы қаласы еріктілер кеңесі мүшелерімен 46 гимназия оқушыларына және қала тұрғындарына сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, гимназия аумағында шатырлар, бірінші медициналық көмек көрсету орындары құрылып, қала тұрғындарына жер сілікіні кезінде қандай іс-әркет жасау қажет екендігі бойынша толық түсіндірмелер берілді.

Апатты жағдайлардың алдын-алу мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараларға Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің жанында құрылған Еріктілер кеңесі мүшелері де белсенді қатысты.

Аталған іс-шалар мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге өз үлесін қосады деп пайымдаймыз.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Узбеханов

Кассациялық соттың құрылуы төрелік алаңына тың өзгеріс әкеледі

Сот – әділдік іздеген, құқығын қорғауға қадам жасаған азаматтардың...

Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына...

Мемлекеттік тіл – сот жүйесінің тірегі

   Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл мәртебе...

Мекеменің медициналық бөлімнің қызметкерлері марапатталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №74...

Әдеп жөніңдегі уәкілмен түсіндіру жұмыстары жалғасуда

         Бүгін, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің...